
2019 жылғы 31 қазанда премьер-Министр Кеңсесінің баспасөз орталығында коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерді және халықты көмірмен қамтамасыз ету жөнінде брифинг өтті.
Іс-шараға ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Баитов және ҚР ИИДМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов қатысты.
Жедел деректер бойынша ағымдағы жылдың 28 қазанына 88,2 млн. тонна көмір өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 98% - ды құрайды (90,3 млн.тонна).
Осы кезеңде елдің ішкі нарығына көмірді жеткізу 61 млн. тоннаны құрады, оның ішінде:
- энергия өндіруші кәсіпорындарға 46,0 млн. тонна көмір тиелді;
- өнеркәсіп кәсіпорындарына 5,6 млн. тонна көмір тиелді;
-коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 9,1 млн.тонна көмір тиелді.
Ағымдағы жылғы 28 қазандағы жағдай бойынша жалпы жоспарға қарағанда көмір қорымен қамтамасыз етілуі: коммуналдық-тұрмыстық сектор 92,2%; халық 76,1% құрайды.
Ақтөбе, Жамбыл, ШҚО, БҚО, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстарының, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін көмірді жылдық жеткізу кестесін толығымен қамтамасыз етті.
Анықтамалық:
- Ақмола облысы (КБН-54,1%, халық-83,4%);
- Ақтөбе облысы (КБН-100%, Халық-30,0%);
- Алматы облысы (КБН-86,5%, халық-81,6%);
- ШҚО (КБН-100%, Халық-98,2%);
- Жамбыл облысы (КБН-100%, Халық-68,2%);
- БҚО (КБН-100%, Халық-100%);
- Қарағанды облысы (КБН-100%, Халық-83%);
- Қостанай облысы (КБН – 93,3%, халық-97,1%);
- Қызылорда облысы (КБН– 100%, Халық – 79,8%);
- Павлодар облысы (КБН-100%, халқы-90,3%);
- СҚО (КБН-78%, халқы-79%);
- Түркістан облысы (КБН-78,8%, халық-52,7%);
- Нұр-сұлтан Қ. (халық-49,5%);
- Алматы қ. (КБН – 100%, Халық – 70,8%);
- Шымкент қ. (КБН-100%, Халық – 78,3%).
"Шұбаркөл Көмір" АҚ ақпараты бойынша, жөнелтілім жоспар бойынша 2 ауысымды режимде жүріп жатыр. Ағымдағы жылдың 28 қазанына Ақтөбе облысына 10 вагон немесе 700 тоннаға жуық көмір жөнелтілді.
Тіліктің бортында көмірді өз бетімен тасымалдау кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады және ағымдағы жылғы 28 қазандағы жағдай бойынша кезек 50-60 жүк машиналарын құрайды. Бүгінгі күні ішкі рынокқа жөнелтудің жалпы көлемі тәулігіне 3600 тоннаны құрайды.
Көмірдің бағасы туралы
Бүгінгі күні 4 көмір өндіруші компаниялардың нарықтық үлесі коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халық үшін көмір жеткізудің жалпы көлемінің 89%-ын құрайды ("Шұбаркөл Көмір" АҚ (28%), "Қаражыра" АҚ (25%), "Майкубен-Вест" ЖШС (25%), "Богатырь Көмір" ЖШС (11%).
Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халыққа арналған көмір бағасы кесінді тиеу бағасынан (әзірлеу шарттарына байланысты тоннасына 3-7 мың теңге шегінде), жылжымалы құрамды тасымалдауға, қызмет көрсетуге арналған темір жол тарифтерінен, көмірдің биржалық құнынан, сондай-ақ халыққа көмір жеткізетін делдал ұйымдар мен жеке тұлғалардың маржасынан қалыптасады.
Сонымен қатар, көмірді алғашқы жеткізу кезінде тауар биржасында көмірдің 1 тоннасына делдалдардың үстеме бағасы Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша 90% - ды құрайды.
ЖАО деректері бойынша бүгінгі күні өндірудің өзіндік құнына және өткізу пункттеріне дейінгі жеткізу қашықтығына байланысты әр түрлі кен орындарының әртүрлі маркаларына көмірдің құны әртүрлі өңірлерде орташа алғанда 7-ден 19 мың теңгеге дейін ауытқиды.
Сондай-ақ, биылғы жылы жылу беру маусымына дайындық басталғаннан бері (1 мамырдан бастап және 30 қазандағы жағдай бойынша) Қазақстан ішінде темір жол көлігімен 33,8 млн.тонна көмір тасымалданды, бұл өткен жылыту маусымы деңгейінен 3% - ға артып отыр.
Облыстар бөлінісінде көмір тиеу жоспарының орындалуы:
100%-дан жоғары.;
- Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, Қарағанды, Қостанай, БҚО, Павлодар, Түркістан, Алматы қ.;
90% - дан жоғары-Алматы, Солтүстік Қазақстан және Нұр-Сұлтан;
80% - дан жоғары-Жамбыл облысы.
2019-2020 жылдардағы жылыту маусымында халықты және коммуналдық-тұрмыстық секторды көмірдің қажетті санымен және сапасымен қамтамасыз ету бойынша жұмыс Министрліктің және жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында.


