ЕАЭО елдері үшінші елдердің аумағында бірлескен өнеркәсіптік инфрақұрылым құруды жоспарлауда

ЕАЭО елдері үшінші елдердің аумағында бірлескен өнеркәсіптік инфрақұрылым құруды жоспарлауда

2019 жылдың 9 қазанында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Б. Атамқұловтың басшылығымен қазақстандық делегация Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - ЕАЭО) Халықаралық өнеркәсіптік форумы алаңында өткен өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің екінші отырысына қатысты.

Отырыс шеңберінде ЕАЭО аясындағы  Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың бірқатар маңызды мәселелері талқыланды.

Күн тәртібіндегі басты тақырыптардың бірі ЕАЭО-на мүше мемлекеттердің үшінші елдердің аумағында бірлескен өнеркәсіптік инфрақұрылым құру мәселесі болды.

Осыған байланысты, ЕАЭО елдерінің өнеркәсіп министрлері Египетте Ресей өнеркәсіптік аймағын құру мен жұмыс істеуіне ЕАЭО-ғы өндірушілердің қатысу тетіктерін талқылады, бұл осы тәжірибені басқа елдерге көрсетуге мүмкіндік береді.

Өнеркәсіптік аймақ аумағында экспорттық әлеуеті бар және Египет, Африка және Таяу Шығыс елдерінің нарықтарына бағыт-бағдар алған қазақстандық кәсіпорындар экспортқа бағдарланған өндірістерді оқшаулауы мүмкін.