ОТАНДЫҚ «ТАУ-КЕН АЛТЫН» АФФИНАЖ ЗАУЫТЫ «GOOD DELIVERY» СЕРТИФИКАТТЫН АЛДЫ

ОТАНДЫҚ «ТАУ-КЕН АЛТЫН» АФФИНАЖ ЗАУЫТЫ «GOOD DELIVERY» СЕРТИФИКАТТЫН АЛДЫ

2011 жылғы шілдеде Астана қаласында өткен «Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз!» Индустриялық-инновациялық форумда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев сөйлеген сөзінде Үкіметке алтын өндіретін мемлекеттік аффинаж зауытын құруды тапсырды.

2012 жылғы 3 шілдеде «Астана – жаңа қала» Арнайы экономикалық аймағының индустриялық паркінің аумағында «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаждық зауыты құрылысының басталуының белгісі - капсула салынып, алғашқы діңгегі қағылған болатын. 2013 жылғы 19 желтоқсанда Елбасының қатысуымен аффинаж зауыты іске қосылды. Жобалық қуаты жылына 25 тонна Алтын және 50 тонна күміс.

«Тау-Кен Алтын» өз өнімдерінің жоғары сапалы екендігін растады және әлемге сенімді әріптес ретінде танылды. Кемінде 99,99% таза алтын өндіретін аффинаж зауыты Лондондық бағалы металлдар нарығы қауымдастығының (The London Bullion Market Association, LBMA) «Good Delivery» сертификатын алды.

«Good Delivery» сертификаты бар бағалы металлдар барлық әлемдік биржа саудаларында шектеусіз қабылданады. Бұл инвестистиция объектісі ретінде «Тау-Кен Алтын» таңбасымен шығарылатын тазартылған алтынның бағасын едәуір жоғарылатады.

Сертификатты алу рәсімдері едәуәр күрделі және ұзақ: «Тау-Кен Алтын» бірнеше кезеңдің аудиторлық тексерістен өтті, лондондық биржа сарапшылары технологиялық процесстерді, зауыт зертханасының халықаралық талаптарға сәйкестігін, мамандардың біліктілік деңгейін тексерді. Бұдан басқа, кәсіпорын қызметінің тарихына, оның қаржылық ахуалына қатысты, сондай-ақ, «LBMA жауапты алтын бойынша нұсқаулық» талаптарының орындалуына қатаң тексерулер жүргізілді.

«Good Delivery» сертификаты – бұл алтынның тек халықаралық стандарттарға (сынамасы, мөлшері, салмағы, құймасының сыртқы түрі) сәйкестігін растау ғана емес, сонымен қатар, оның кіршіксіз заңды тазалығына, сондай-ақ, кәсіпорын қызметінің сенімділігіне, ашықтығына және жақсы беделіне кепілдік болып табылады.