
Қазақстан Логистика тиімділігінің индексі бойынша әлемнің 160 елінің арасында 71 орынға ие болды. 2016 жылмен салыстырғанда Ресей (75), Өзбекстан (99), Беларусь (103), Қырғызстан (108), Грузия (119), Түркменстан (126) және Тәджікстаннан (134) 6 сатыға жоғарылады.
Логистика тиімділігінің индексі - LPI (Logistics Performance Index) – тауарды жеткізуді жүзеге асырудың жеңілдігін, ұлттық және халықаралық деңгейде сауда логистикасын қарастыратын Дүниежүзілік банк индексі. Көрсеткіш халықаралық саудада жеткізу тізбегінің тиімді жұмысын өлшеп және әр 2 жыл сайын бағалайды (2007, 2010, 2012, 2014, 2016 және 2018).
Индекс келесі алты факторды бағалайды:
1) кеден органдары жұмысының тиімділігі;
2) инфрақұрылым сапасы;
3) халықаралық тауар жеткізуді ұйымдастырудың жеңілдігі;
4) логистикадағы компетенция;
5) жеткізу тізбегі аралығында тауарды қадағалау мүмкіндігі;
6) тауарды жеткізу мерзімін сақтау.
Логистика тиімділігін жақсартуға бірнеше факторлар әсерін тигізді. Оның ішінде көлік саласындағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, шекарадан өту уақытының қысқартылуы, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру кезіндегі құжаттардың қысқартылуы, барлық көлік түріндегі және көлік логистикасы саласындағы жеке кәсіпкерліқ субъектілер көрсететін қызметтердің жақсаруы.
2018 жылы LPI Логистика тиімділігінің индексі бойынша Германия, Швеция, Бельгия, Австрия және Жапония елдері алдынғы қатарға орналасты.