
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында Қазақстанның азаматтық авиация саласын мемлекеттік реттеудің британдық үлгісіне (68-қадам) көшу бойынша UK CAA мамандарымен жұмыс жалғасуда. Бүгін ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің өкілдері UKCAA халықаралық дамудың аға менеджері Лиам Бернмен кездесу өткізді. Кездесу барысында болашақ ынтымақтастықтың жолдары талқыланды. Алдағы уақытта британдық мамандар ұшу қауіпсіздігін бақылау және қадағалау бойынша жаңа құрылымға жұмысқа тартылады деп күтілуде.
Анықтама үшін: Лиам Берн UKCAAi халықаралық дамудың аға менеджері болып табылады. Lufthansa Consulting, UKCAAi және басқа да ірі компанияларда стратегиялық даму және жоспарлау бойынша кеңес беру саласында 16 жылдан астам тәжірибесі бар.

