
18-20 қыркүйекте Алматыда Мерейтойлық 25-ші Орта Азиялық «Тау–кен жабдықтары, кендер мен минералдарды өндіру және байыту» – Mining and Metals Central Asia 2019 көрмесі өтті.
Биылғы жылы Mining and Metals Central Asia көрмесі 37,8%-ға ұлғайды және тау-кен металлургия кешені үшін жабдықтар, технологиялар мен қызметтерге арналған 90 тақырыптық бөлімде әлемнің 31 елінің 326 компаниясы ұсыныстарымен таныстырды.
Ашылу рәсіміне Бақытжан Сәпиев - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары, Нұрлан Саурамбаев – «Тау-Кен Самұрық» ҰК бизнесті дамыту жөніндегі Бас директоры, Төлеген Мұқанов - Республикалық тау-кен өндіруші және тау-металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директорының бірінші орынбасары, «Полиметалл Еуразия», «Қазақмыс», ERG Еуразиялық тобы, KAZ Minerals компанияларының, сондай-ақ салалық одақтар мен қауымдастықтардың топ менеджерлері қатысты.
«Бүгін Қазақстандағы тау-кен металлургиялық кешені - ол экономиканың ауқымды көлік-логистикалық, сервистік, қайта өңдеу инфрақұрылымы бар жүйеқұрушы саласы. Тау-кен металлургия саласы ЖІӨ-нің шамамен 7%-ын, өнеркәсіптік өндірістің 25%-ын және бүкіл экспорттың 24%-ын құрайды. Сала 800-ден астам кәсіпорындар мен 185 мың жұмыс орындарымен көрсетілген. Соңғы 10 жыл ішінде индустрияландыру бағдарламасы аясында 120-ға жуық жоба пайдалануға ендірілді», - деп айтты Бақытжан Сәпиев.
Өз кезегінде Республикалық Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директорының бірінші орынбасары Төлеген Мұқанов көрмеде Қауымдастық мүшелері әр қатысушымен кездесіп, технологияларды зерделеп, кездесулер ұйымдастыратынын атап өтті.
Ұлттық және ұжымдық стендтердің көрмелеріне қатысуы қатысушы елдер үкіметтерінің, сол немесе өзге ел аймақтарының Қазақстан нарығында дамудағы қызығушылығы бар екенін білдіреді. Осылайша, биылғы жылы 9 елдің көрмесінде ұлттық стендтері қойылды: Австрия, Германия, Канада, Қытай, Норвегия, Польша, Финляндия, Ұлыбритания және Үндістан.
Көшедегі экспозиция 25-ке жуық машина түрлерін таныстырған 20 қатысушымен қамтылған.
Биылғы жылы көрме қатысушылары мен қонақтары үшін ақпараттық іскерлік бағдарлама дайындалған болатын. Сала мамандары үшін 20 іс-шара ұйымдастырылған болатын.
Ширек ғасыр ішінде көрмеге 7 мыңға жуық компания қатысты, 40 елден 50 мыңнан астам ТМК мамандары көрмеге барып қайтқан, 3 мыңнан астам келісімшарт жасасты. Көрмеге ұсынылған технологиялар Қазақстанның тау-кен металлургиялық кешенінің кен орындары мен өндірістерінде әлдеқашан қолданыс тапқан.
Осы мерзім бойы Epiroc, Sandvik Mining and Construction Kazakhstan, ORIENTAL CO LTD, Outotec сияқты компаниялар жыл сайын Mining and Metals Central Asia көрмесіне қатысып келеді.
