«Қорғас» ШЫХО», «Павлодар», «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймақтарының басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды іріктеу жөніндегі конкурстың хаттамасы

«Қорғас» ШЫХО», «Павлодар», «Qyzyljar» арнайы  экономикалық аймақтарының басқарушы компанияларын  басқару үшін адамдарды іріктеу жөніндегі конкурстың хаттамасы

Арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін тұлғаларды іріктеу бойынша Конкурстық комиссияның келесі мүшелері қатысты:

Кенжалинов Арыстан Төлеухадысұлы – ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары, Конкурстық комиссияның төрағасы;

Аман Қонысбекұлы Қонысбек - ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар басқармасы басшысының міндетін атқарушы, Конкурстық комиссия төрағасының орынбасары;

Нұрсұлтан Мұратұлы Нұрахметов - ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар басқармасының бас сарапшысы, Конкурстық комиссияның хатшысы;

Дастан Зайнолда - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаменті директорының міндетін атқарушы;

Арсен Тельманұлы Меңдіғазиев – «QazIndustry» қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамының Индустриялық инфрақұрылымды дамыту дирекция басшысының орынбасары;

Сағыныш Маратұлы Нұрқымбаев - Қарағанды облысының Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары;

Данияр Қаржасұлы Исаев – Солтүстік Қазақстан облысының Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары.

«Қорғас» ШЫХО», «Павлодар», «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймақтарының басқарушы компанияларын басқару үшін тұлғаларды конкурстық іріктеу қорытындылары туралы

(А.Т. Кенжалинов, А.Қ. Қонысбек, А.Т. Меңдіғазиев,

Д. Зайнолда, С.М. Нұрқымбаев, Д.Қ. Исаев)

Конкурстық комиссия кандидаттармен әңгімелесу өткізді және олардың конкурстық ұсыныстарын қарады.

Конкурс қорытындысы бойынша Конкурстық комиссия мүшелері келесі ШЕШІМДЕР қабылдады:

  1. Ерлан Дүйсенбекұлы Жайлаубай «Қорғас» ШЫХО» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясын басқару үшін жарияланған бос лауазымға тағайындауға ұсынылсын;
  2. Қаныш Ақылбекұлы Әділжанов «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясын басқару үшін жарияланған бос лауазымға тағайындауға ұсынылсын;
  3. Нұрбек Ниязбекұлы Кожахметов «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясын басқару үшін жарияланған бос лауазымға тағайындауға ұсынылсын;

Конкурс комиссиясының әңгімелесу барысында техникалық жазба құралдарын қолдануы туралы ақпарат назарға алынсын.

Өткізілген конкурс және қабылданған шешімдер туралы ақпаратты ведомстволық интернет-ресурсқа орналастырсын.