19-21 қыркүйек күндері Сәтбаев қаласында энергия үнемдеу, ЖЭК және тұрақты дамуды ілгерілету бойынша Өңірлік форум өтеді

19-21 қыркүйек күндері Сәтбаев қаласында энергия үнемдеу, ЖЭК және тұрақты дамуды ілгерілету бойынша Өңірлік форум өтеді

Форум аясында келесі іс-шаралар өтеді:

    * «ЖЭК және энергия үнемдеу саласындағы жобаларды іске асыру мүмкіндіктері мен перспективалары» семинары (19-ші қыркүйек).

Семинар мақсаты – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, жұмыс орындарын құру және қоршаған ортаны жақсарту үшін ЖЭК және энергия үнемдеу саласында технологиялар мен құралдарды енгізу мүмкіндіктері туралы ақпарат алмасу. Мұндай технологиялар мен тәсілдерді енгізудің ұйымдастырушылық-қаржылық аспектілеріне ерекше назар аударылатын болады: инвестициялық жобаларды қалай дайындау, шарттар жасау және т. б.

    * Инвесторлар және басқа да нысаналы топтар, Сәтбаев қаласы Жастар ресурстық орталығы өкілдеріне арналған тренингтер және мастер-кластар (20-шы қыркүйек).

Мақсаты – қалалық немесе ауыл шаруашылығы жүйелерінде энергия және ресурс үнемдеуді ілгерілету үшін бастамаларды қадамдық іске асыруды нақты мысалдарда әзірлеу, энергия үнемдеу және ЖЭК саласындағы жоғары білікті сарапшылардың қатысуымен жастар ұйымдарының ықтимал стартаптарын талқылау.

    * «Жаңартылатын энергия көздері және энергия үнемдеу негізінде тұрақты даму жолындағы қалалар» жоғары деңгейдегі қорытынды конференциясы (21-ші қыркүйек).

Аталған іс-шаралар Сәтбаев қаласы әкімдігінің Қазақстандағы БҰҰ-ң Даму Бағдарламасымен ынтымақтастығы аясында алынған нәтижелерді көрсету, сондай-ақ осы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатында жүзеге асырылады.

Форум кездей-соқ Сәтбаев қаласында өтіп жатқан жоқ, себебі ол 2013 жылдан бастап энергия үнемдеу, энергия тиімділігін арттыру, халықтың хабардарлығын арттыруға, «жасыл» экономика саласында үздік тәжірибелер мен технологияларды тартуға гранттар мен инвестициялар алу арқылы көптеген халықаралық және ұлттық жобалардың қатысушысы болып табылады.

Мысалы, бұл БҰҰДБ-ҒЭҚ жобалары: «Қазақстанда энергия тиімді жарықтандыруды ілгерілету», «Төменкөміртекті даму үшін тұрақты қалалар», «Орталық Азияда терроризмге алып келетін зорлық экстремизмді болдырмау мақсатында жергілікті қоғамдастықтардың және өңірлік ынтымақтастықтың тұрақтылығын нығайту», ЕО жобасы: «Мэрлер келісімі», сондай-ақ Жаһандық Экологиялық Қордың Шағын гранттар бағдарламасының жобалары.

Кейбір жобаларды іске асыру арқылы келесі негізгі нәтижелер алынды:

- Абай атындағы №4 лицей-мектебінің базасында «Топырақ қолданусыз өсімдіктерді өсіруде Гидропоника тәсілін қолдану» фито-жылыжайы ашылды, бұл оқушылардың зерттеу іс-әрекетінің дағдыларын дамытуға және болашақта ғылыми-зерттеу және өнеркәсіптік-технологиялық ортаға табысты енуіне мүмкіндік береді;

- қаланың бес мектебінде пилоттық энергия тиімді жарықдиодты жарықтандыруды орнату жүргізілді, соның есебінен мектеп оқушыларын және олардың ата-аналарын экологиялық тәрбиелеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, сонымен қатар кіші жастан бастап энергияны үнемдеу бойынша жүйелі түрде оқытылуда.

- «Бірге жарқырайық!» республикалық экологиялық фестивалін өткізу нәтижесі бойынша Сәтбаев қаласында халық арасында көптеген стандартты емес акциялар мен насихаттау іс-шаралары ұйымдастырылды.

- тұрғын үйлердің кіреберістерінде пилоттық энергия тиімді жарықтандыруды орнату – энергия үнемдейтін жарық көздеріне көшудің әсерін көрсетуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде басқа үйлердің тұрғындары өз кіреберістерінде осындай жарықтандыру орната бастады;

- жастарды қала өміріне белсенді тарту мақсатында «Jalyndy Jastar» жастар коворкинг-орталығы ашылды.

Өңірлік форум ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР Энергетика министрлігі, Қарағанды облысы әкімдігі және Қазақстандағы БҰҰ-ң Даму Бағдарламасының қолдауымен өткізіледі.

Қорытынды конференцияның негізгі спикерлері (21-ші қыркүйек):

- Бөлекпаев Ермағанбет Қабдулаұлы, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;

- Якуп Бериш, Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасының Тұрақты Өкілі;

- Ыдырысов Асқар Абылайулы, Сәтбаев қаласының әкімі;

- Жақсылық Тоқаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру басқармасының жетекшісі;

- Абай Құланбай, ҚР Энергетика министрлігі Жаңартылатын энергия көздері басқармасының жетекшісі;

- Сырым Нургалиев, «Жаңартылатын энергия көздеріне инвестициялау тәуекелдерін төмендету» БҰҰДБ-ҒЭҚ жобасының менеджері;

- Александр Белый, «Төменкөміртекті даму үшін тұрақты қалалар» БҰҰДБ-ҒЭҚ жобасының менеджері.