
Кез келген елдің дамуының сапалы драйвері экономиканы күрделендіруді, құзыреттілікті арттыруды, жоғары технологиялық өндірістер мен сапалы ғылыми-техникалық базаны құруды көздейтін индустрияландыру болып табылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов Қазақстанның машина жасаушыларының VІІ форумы аясында өткен брифингте мәлімдеді.
"Жалпы, индустрияландыру бағдарламасы жүзеге асырылған жылдары машина жасау саласында 114 жоба іске асырылды (276 млрд.теңге сомасына), 11 мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Жаңа өнім түрлері пайда болды: локомотивтер, трансформаторлар, коммуникациялық жабдықтар, оптикалық құралдар, электрондық бөлшектер өндірісі, электр жарықтандыру жабдықтары өндірісі және т.б.",-деді Аманияз Ержанов.
Автоөнеркәсіп және теміржол машина жасау салалары белсенді түрде дамыды, ауыл шаруашылығы, электротехникалық, тау-кен және мұнай-газ машина жасау салалары айтарлықтай жаңартылды және күшейтілді. Осының барлығы мемлекеттің табысты өнеркәсіптік саясатының арқасында жасалды. Үкімет ҚҚС бойынша преференциялар, жеңілдікті кредит беру және лизинг бағдарламасын әзірлеу, өнім экспортын қолдау сияқты саланы ынталандыру бойынша шаралар қабылдады.
Саланы дамытуға Альстом, Дженерал Электрик, СМС–JACMotors, Хендай және тағы басқалар сияқты ірі трансұлттық корпорациялар тартылды. Экспорт үшін ағымдағы өнім шығаруды кеңейту мүмкін болды.
Соңғы жылдары машина жасау саласында тұрақты өсім байқалады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша машина жасау өндірісінің көлемі бірінші рет 1 трлн. теңге (1 089,8 млрд. теңге) көрсеткішінен асты.
2019 жылы өсімнің жоғары қарқыны сақталды. 2019 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша машина жасаудағы өндіріс көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ды құрады.
Сала құрылымындағы машина жасаудың кіші салалары арасында өсудің ең үлкен серпінін автомобиль жасау (НКИ – 156,5%) көрсетуде. Бүгінгі таңда Қазақстанда автокөлік құралдарының барлық санаттарының өндірісі жүргізілуде. Елімізде 167 автомобиль моделі, оның ішінде 39 жеңіл автокөлік моделі, 22 әлемдік бренд үлгілері жиналады.
Екі бесжылдық ішінде автомобиль жасау Қазақстанның машина жасау саласының драйверлерінің бірі болды. Ірі торапты құрастырудан (DKD) ұсақ торапты құрастыруға (CKD) көшу іске асты. Мысалы, шанақтарды дәнекерлеу және бояу бойынша технологиялық операциялар енгізілді.
Сондай-ақ, өндірістің неғұрлым тұрақты динамикасымен және машина жасаудың басқа секторларымен салыстырғанда өндірістің неғұрлым тереңдетілген оқшаулануымен сипатталатын электротехникалық машина жасау секторын атап өткен жөн.
Қазақстанның темір жол, ауыл шаруашылығы, тау-кен және мұнай-газ машиналарын жасауда отандық кәсіпорындар электровоздар, локомотивтер, вагондар, тұтас иленген доңғалақтар, тракторлар, комбайндар, ауыл шаруашылығы техникасы, мұнай сервистік компаниялары мен жер қойнауын пайдаланушыларға арналған әртүрлі жабдықтар шығарады.
Бұл салалар өндірісте роботталған дәнекерлеу кешендерін (4.0 Индустрия элементтерін) қолданумен сипатталады.
