Атырау облысында мемлекеттік стандарттар мен регламенттерге қатысты семинар-кеңес өтті

Атырау облысында мемлекеттік стандарттар мен регламенттерге қатысты семинар-кеңес өтті

2018 жылдың 8 тамыз айында ҚР ИДМ ИДӨҚК Атырау облысы бойынша департаментінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидаларының, стандарттары мен регламенттерінің талаптарын бұзушылық фактілерін болдырмау бойынша Департамент қызметкерлері мен  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті (одан әрі - Агенттік) өкілінің қатысуымен бірге түсіндірме жұмыстарын жүргізу тақырыбында семинар-кеңес өтті.

Семинар-кеңес агенттік өкілінің қатысуымен және Департамент басшысының міндетін атқарушы А. Абулхаировтың төрағалық етуімен өтті.

Департаменттің көрсетілген мемлекеттік қызметтері туралы ақпаратпен Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік қадағалау бөлімінің басшысы А. Молдашев биыл мемлекеттік стандарттар мен регламенттердің талаптары бұзылмағанын айтты.

Семинар – кеңес барысында көрсетілген мемлекеттік қызметтерге қатысты мәселелер талқыланып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.