
Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің мамандары 23-24-шілде күндері «Элеватор Агрофуд» ЖШС-дегі қазандықтар, газ шаруашылығы, көтергіш құрылыстар мен астық өнімдері нысандарына мемлекеттік қадағалау бойынша тексеру жүргізді. 07.11.2017 жыл мен 08.11.2017 жыл аралығында айрықша тәртіп бойынша жүргізілген тексеру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік – құқықтық актілерінің талаптарының бұзушылықтарын жою туралы берілген нұсқаманың орындалуын қадағалады.
Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша алдында берілген нұсқаманың 5 тармағының орындалмағаны анықталды.
Жоғарыда аталған нұсқама тармақтарын орындамағаны үшін әкімшілік іс материалдары Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдесіндегі «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 462 б. 3 бөліміне сәйкес Қостанай облысының Арқалық қалалық сотына жолданды.
Қостанай облысының Арқалық қалалық сотының 2018 жылғы 09 тамыздағы қаулысымен «Элеватор Агрофуд» ЖШС Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдесіндегі «Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы» Кодексінің 462 б. 3 бөлімімен қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасады деп танылып, оған 336 700 (үш жүз отыз алты мың жеті жүз) тенге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып, жеті тәулікке астықты қабылдау қызметі тоқтатылды.