2018 жылдың 7 айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,1% -ға өсті

2018 жылдың 7 айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,1% -ға өсті

16 тамыз күні ҚР ИДМ-нің Медиа Орталығында Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті осы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша брифинг өткізді. Журналистердің сұрақтарына Комитет төрағасы Алмас Батанов пен оның орынбасарлары Тимур Нұрашев пен Қанат Байытов жауап берді.

А.Батановтың айтуынша, жыл басынан бері жетекші өндірістер өнеркәсіптік өндірістің өсуінің оң динамикасын көрсетті. Мәселен, 2018 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,1% -ға, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде 5,4% -ға, өңдеу өнеркәсібінде 4,9% -ға өсті.

Тау-кен өнеркәсібінде темір кенін өндіру көлемі 7,4% -ға артты. Бұл «ССГПО» АҚ-ның ҚХР-на темір рудасының жеткізілімін өз көлемінен 10%-ға арттырғандығына байланысты. Түсті металл кендерін өндіру көлемі 3,1%-ға өсті. Өндіріс көлемінің қосымша өсуі осы жылдың 26 маусымында іске қосылған Бақыршық кен орнына да байланысты. Ол кен орны кезінде тиісті технологиялардың болмауына байланысты 70 жыл бойы еш өзгермеген. Бүгінде ол Қазақстандағы алтын қорының көлемі бойынша ірі кен орындардың бірі болып табылады. Жоба 10 тонна алтын өндіруді көздейді, оның үлесі елдегі өндірістің жалпы көлемінің 14% құрайды.

Металлургия өндірісі көлемі 3,6% өсті.

Қара металлургия бойынша өсім 4,8%  құрады. Бұл ферроқорытпа өндірісі, ыстықтай илектелген болат және болат шарлар өндірісінің өсуі есебінен көбейіп отыр..

Түсті металлургия өндірісінің өсуі өңделмеген мырыш, мыс, алтын, алюминий, қола және т.б. өндіріс көлемінің артуына байланысты 2,6% құрады.

Мысалы, «Қазақмыс» корпорациясы »ЖШС алтын өндіруді 31% -ға арттырды.

30 маусым күні «Sary-Arka Copper Proсessing» ЖШС катодты мыс өндіретін зауытты іске қосты.

Жылдың соңына дейін алтын өндіретін «Пустынное» фабрикасын іске қосу жоспарлануда, оған тартылған инвестиция көлемі 12,1 млрд. теңгені құрайды (40 тұрақты жұмыс орны ашылады). Зауыттың өндірістік қуаты  2,9 тонна.

Сондай-ақ, жылдың соңында Жезқазған мыс балқыту зауытында екінші пешті іске қосу жоспарлануда, ол мыс өндіруді келесі жылы екі есе арттырады.

Химиялық өндірістердің өндіру көлемі 11% -ға артты.

«Қазфосфат» ЖШС фосфорлы минералды тыңайтқыштардың отандық ірі өндірушісі. Жыл басынан бері Еуроодақ елдеріне және алыс шетелдерге экспорттың артуына байланысты 52 мың тонна сары фосфор шығарылды. Бұл бұрынғыға қарағанда 57% -ға көп.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының аумағында аммофос сатылымы артып, Ресей, Украина, Қырғызстан, Тәжікстанға өнімдер экспорты ұлғайды.

Машина жасау саласында өсім 16% құрады.

Өндірістің күрт өсуі нарықтағы сұраныстың қалпына келтіріп, экспорттың артыуына ықпал етеді. Мемлекет тарапынан жеңілдетілген автомобильдерді несиелендіру бағдарламасы автокөлік секторын дамытуға оң әсерін тигізеді.

Елдегі әрбір екінші сатылған автокөлік қазақстандық өндірістен шыққанын айта кету керек, бірақ өткен жылы әрбір үшінші болатын.

Анықтама үшін:

Ағымдағы жылдың 31 мамырындағы жағдай бойынша ҚДБ жалпы сомасы 8 129,2 млн. теңгеге ЕДБ 1598 автонесиеге өтінімді қабылдады. Оның ішінде 1464 несие мақұлданып, отандық автомобиль сатып алу үшін 6 ЕДБ жалпы сомасы  7 396,9млн. теңге ақша бөлді.

2018 жылдың 31 мамырындағы жағдай бойынша лизингтік қаржыландырудың бір бөлігі ретінде, «БРК-Лизинг» АҚ 8 лизингке 2 млрд теңге мөлшерінде қаржы берді. («СемАЗ» ЖШС 38 лизинг, «СарыаркаАвтоПром» ЖШС - 80 лизинг)

отандық автобус өндірісін қаржыландыру - 10 млрд. теңге;

отандық өндірістегі комбайндар мен тракторларды қаржыландыруға - 3 млрд. теңге.

Электротехникалық машина жасауда «Alageum Electric» АҚ Қазақстанда трансформаторлар дайындайтын 4-ші зауытты салуда, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан мен Тәжікстандағы өндірісті дамытуды жоспарлап отыр.

Трансформаторлар дайындау 2 есеге артып,  кабель-өткізгіш өнімдер 95% -ға, электрлік батареялар өндірісі - 14,6% -ға артты. Өсу ТМД елдерінің нарығына, негізінен Ресей Федерациясына экспорттың өсуімен тығыз байланысты.

Комбайндар, тракторлар мен автобустардың лизингіне бюджеттен 13 млрд. теңге қаражат бөлінді.

Теміржол машина жасауды дамыту үшін «БРК-Лизинг» АҚ 50 млрд. теңге бөлді, соның арқасында 2019 жылдың соңына дейін жүк вагондары паркі 3000 бірлікке толады.

Жеңіл өнеркәсіпте оң үрдіс бар, ол  - 1,5% -ға өсті.

Әмбебап полипропиленді өнімдер өндірісінің көлемі 50%-ға артты, Ресейге және Қырғызстанға шығару басталды.

Қазіргі уақытта AGF-Group фабрикасы IKEA халықаралық бренді үшін тоқыма өнімдерін шығарады, өндіріс көлемі екі жарым есеге өсті.

Кілем экспорты 43%-ға өсті. «Бал Текстиль» фабрикасының өнімдері Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Германия сияқты елдерге экспортталады.

Бұдан басқа, балаларға арналған заттардың сапасы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында орта білім беру ұйымдары үшін мектеп формасы ұлттық стандарттары әзірленіп, бекітілді.

Ағымдағы жылдың шілде айында «Оңтүстік» АЭА аймағында «TumarTextile» ЖШС тоқыма өнімдерін өндіру жобасы іске қосылды. Және «LuxShoes» ЖШС аяқ киім өндіру жобасын іске қосу жоспарлануда.

2018 жылдың соңына қарай жеңіл өнеркәсіптің 3 жобасы (штапельді талшықтар, шөптен жіп алу және шұлық бұйымдарын өндіру) жоспарлануда.

За 7 месяцев 2018 года объем промышленного  производства вырос на 5,1%

За 7 месяцев 2018 года объем промышленного  производства вырос на 5,1%

За 7 месяцев 2018 года объем промышленного  производства вырос на 5,1%

За 7 месяцев 2018 года объем промышленного  производства вырос на 5,1%

 

За 7 месяцев 2018 года объем промышленного  производства вырос на 5,1%

За 7 месяцев 2018 года объем промышленного  производства вырос на 5,1%

За 7 месяцев 2018 года объем промышленного  производства вырос на 5,1%

За 7 месяцев 2018 года объем промышленного  производства вырос на 5,1%

За 7 месяцев 2018 года объем промышленного  производства вырос на 5,1%