Еңбек сіңіргендерге табысталған медальдар

Еңбек сіңіргендерге табысталған медальдар

Металлургтер күні мен алдағы Шахтер күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Баитов Қанат Құрмашұлы І дәрежелі «Кенші Даңқы» медалімен марапатталды.

ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» медальдарымен Комитеттің химия және фармацевтикалық өнеркәсіп басқармасының басшысы Осеманов Дидар Амангелдіұлы мен Экспорттық бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы Кушумов Алмас Русланович марапатталды.

«Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургиялық кәсіпорындары қауымдастығы» ЗТБ-ң бірінші орынбасары Мұқанов Төлеген Мұханұлы тау-кен өндіру және тау-кен металлургиялық компаниялардың атынан Комитет қызметкерлерін жемісті еңбек етіп, саланың дамытуына баға жетпес үлес қосқандары үшін алғысын білдірді.