Құрметті Үлбі металлургиялық зауытының қызметкерлері мен ардагерлері!

Құрметті Үлбі металлургиялық зауытының қызметкерлері мен ардагерлері!

Зауыттың 70 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар және Сіздерге бақытты өмір, денсаулық және күш-қайрат тілеймін!

Қазақстанда осындай бай тарихымен, берік еңбек дәстүрлерімен және осындай ұйымшыл кәсіпқойлар ұжымымен мақтана алатын кәсіпорындар көп емес..

Сіздерді әрқашан  орасан зор жоспарларды жүзеге асыруға деген, алға қойылған мақсаттарға жетуге деген ұмтылысыңыз ерекшелендіріп тұрады. Бүгінде ел басшылығы маңызды міндеттерді шешуде ҮМЗ-на ерекше орын беріп отыр.

ҮМЗ Қазақстанды халықаралық нарықта жоғары технологиялық уран, бериллий және тантал өнімдері арқылы лайықты тұрғыдан танытуда.

Біз осы атаулы күнде кәсіпорын қызметкерлері мен оның ардагерлеріне өркендеп дамуды, мықты денсаулықты, аман-саулықты, барлық белгіленген жоспарларды ойдағыдай іске асыруды тілейміз.

Жаңа және озық ойлар үшін әрқашан ашық болыңыз.

Барлық бастамаларыңызға сәттілік жолдас болсын және ел игілігі үшін жемісті қызмет етулеріңізге тілектеспіз!

 

Қазақстан Республикасы

Индустрия және инфрақұрылымдық

 даму министрі                                                          Р. Скляр