Қазақстандық делегацияның ҚХР-ға сапары өтті

Қазақстандық делегацияның ҚХР-ға сапары өтті

Ағымдағы жылдың 27-29 тамыз аралығында қазақстандық делегацияның Пекин және Шанхай қалаларына іс-сапары өтті.

Сапар аясында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев пен ҚХР Реформалар және даму жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Н Цзичженің тең төралығымен индустрияландыру және инвестиция саласындағы ынтымақтастық жөніндегі 17-ші Қазақстан-Қытай кездесуі өтті.

Отырыста Қазақстан-Қытай бірлескен инвестициялық жобаларының жүзеге асырылу барысы талқыланды. Сондай-ақ Қытай даму банкі, Жібек Жолы Қоры өкілдерінің баяндамалары тыңдалды, экономиканың шикізаттық емес секторларында, цифрландыру, жасыл және басқа да жоғары технологиялар салаларындағы өзара іс-қимылды дамыту бойынша алдағы қадамдар туралы пікір алмасылды.

Кездесу барысында машина жасау, ауыл шаруашылығы, мұнай химиясы, энергетика және тамақ өнеркәсібі сияқты салаларда Қазақстан аумағында іске асырылып жатқан және перспективалық бірлескен жобалар мәселелері талқыланды.