Роман Скляр: «Қазақстанның Жеңіл өнеркәсіпте жаһандық мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық қажетті шарттары мен ресурстары бар»

Роман Скляр: «Қазақстанның Жеңіл өнеркәсіпте жаһандық мақсаттарға қол жеткізу үшін барлық қажетті шарттары мен ресурстары бар»

ҚР ИИДМ басшысы 2019 жылғы 29-30 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан «Altyn Oimaq» жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының форумы мен көрмесіне қатысты

Форум мен көрменің негізгі мақсаты – отандық жеңіл өнеркәсіп өндірушілеріне қолдау көрсету және саланы дамыту.

2 400 ш.м. болатын экспозициялық алаңда 85 отандық тауар өндіруші компания орналасқан, олар екі күн бойы өздерінің жоғары сапалы өнімдерін өндірушілердің бағалары бойынша кең ассортиментте сататын болады.

Көрме залының подиумында отандық дизайнерлер мен өндірушілердің киімдерін дефиле-көрсету өтуде. Бұл біздің дизайнерлер үшін өз коллекцияларын көрсету және оларды отандық тігін компанияларына шығаруға мүдделі болған жағдайда ұсыну мүмкіндігі.

Көрмеге өнеркәсіптік кәсіпорындардан басқа қолөнершілер қатысуда, олар бір жағынан жаңа сәндегі ұлттық ағымдарды шабыттандырушылар бола алады, екінші жағынан өздерінің шебер-кластарының арқасында қолөнерге жаңа талантты жастарды тартуға мүмкіндік береді.

Форумға 500-ге жуық адам қатысуда, олар: жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың өкілдері, брэнддер, франшизалар, сауда желілері, сауда онлайн-платформалар өкілдері, киім дизайнерлері, авторлық құқық бойынша мамандар, екінші деңгейлі банктер, қолөнершілер, нарық кәсіпқойлары.

Пленарлық отырыста Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, Қазақстандағы Азия даму банкі өкілдігінің директоры Джованни Капаннелли, «Mimioriki» балалар киімінің қазақстандық брендінің негізін қалаушы және директоры Инна Апенко, «Таразкожобувь» коммерциялық директоры Ерлан Оразалиев сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр: «Жеңіл өнеркәсіптің маңыздылығы – ол бәріміз қажет ететін, халық тұтынатын тауарларды шығаруымен байланысты. Сондай-ақ, 12 мыңнан астам адам, негізінен әйелдер еңбек ететін осы саланың әлеуметтік рөлін де атап өткім келеді. Үкімет алдында шикізат индустриясын сыни қайта ойластыру және ұйымдастыру, өндірістерді жаңғыртуды жүргізу, оның ішінде үздік технологиялар трансферті және заңнаманы өзектендіру есебінен жүргізу міндеті тұр. Бүгінгі таңда Қазақстанның жаһандық мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті шарттары мен ресурстары бар кезде алдымызда басты міндет – қолда бар әлеуетті іске асыру міндеті тұр», – деп атап өтті.

Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығын іске асыру кезінде 2015-2018 жылдары индустрияландыру картасы шеңберінде жалпы сомасы 18,5 млрд. теңгеге 21 жеңіл өнеркәсіптің инвестициялық жоба іске асырылды, олар бойынша 1,4 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Кілем, аяқ киім, жүн бұйымдары, синтетикалық иірімжіп, шұлық-ұйық бұйымдарын шығару бойынша жобалар іске асырылды. Өнім ішкі нарықта сатылады, сондай-ақ Ресей, Қытай, Латвия, Молдова, Қырғызстан сияқты елдерге экспортталады.

Белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындар саны бүгінгі күні 2014 жылмен салыстырғанда 1,3 есе артты.

Тігін және аяқ киім кәсіпорындарының жұмыс және арнайы киім мен аяқ киімге бағдарлануына қарамастан, халықтың қалың жігі үшін өнім өндіретін кәсіпорындар бар.