Қарағанды қаласында Кенші күніне арналған дәстүрлі салтанатты жиын өтті!

Қарағанды қаласында Кенші күніне арналған дәстүрлі салтанатты жиын өтті!

23 тамыз күні Қарағанды қаласындағы «Nur Otan» партиясының ғимаратында Кенші күніне арналған дәстүрлі салтанатты жиын өтті. Мерекеге көмір өнеркәсібінің ардагерлері, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ қызметкерлері мен басшылығы, Қарағанды облысы әкімдігінің және Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері бас қосты.

Қарағандылық кеншілерге ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Байытов құттықтау сөз сөйледі:

- Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің атынан көмір саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймын. Кенші мамандығы – ең қиын және қауіпті, оны тек батыл, ержүрек адамдар таңдайды. Ардагерлер мен кенші әулеттеріне үлкен алғыс. Бұл сіз өз ерліктеріңізбен Қарағанды жерінің атын шығардыңыздар . Сіздерге зор денсаулық, амандық және еңбектеріңізге табыс тілеймін.

- Кеншілер мен металлургтер - бұл бір отбасы, - деп атап өтті өз сөзінде "АрселорМиттал Теміртау"АҚ атқарушы директоры Вадим Басин.

- Металлургия көмірсіз болмайды. Домен пеші кокссіз жұмыс істеуін ешкім ойлап тапқан жоқ. Барлығымыз кеншілердің еңбегі қаншалықты ауыр және қауіпті екенін білеміз. Кеншілер мен металлургтердің еңбегінсіз біздің бүгінгі өмірімізді елестету қиын. Баршаңызға денсаулық, бақыт, амандық тілеймін, бір-біріңізді құрметтеп, қолдаңыздар!

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ Көмір департаментінің директоры Андрей Черномаз:

- Мен үшін бүгін сіздерді құттықтау ерекше мақтаныш. Бұл мамандықтағы адамдар, әдетте, өте жауапкершілікті және өте мықты мінезге ие. Осы маңызды істі жалғастыру үшін бізге рух берген аға ұрпаққа ерекше алғыс. Мен тек залдағыларды ғана емес, сонымен қатар ауысымда жүргендерді, түнде жұмысқа баратындарды құттықтағым келеді. Сізгерге денсаулық, қауіпсіз жұмыс және сәттілік тілеймін!

Ресми бөлімнен кейін кеншілер мерекесі концерттік бағдарламамен жалғасты. Кеншілер алдында жергілікті фольклорлық және би ансамбльдері, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетті. Мерекеге ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Болат Құсайынов пен Ресейлік "Балалар дауысы" телевизиялық байқауының жеңімпазы Ержан Максим қатысты.