Құрметті шахтерлар, өндіріс озаттары және көмір өнеркәсібінің ардагерлері!

Құрметті шахтерлар, өндіріс озаттары және көмір өнеркәсібінің ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мереке - Шахтерлар күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер!

Бүгінгі таңда көмір өнеркәсібі қызметкерлерінің саны шамамен 35 мың адамды құрайды, ал көмір қоры бойынша Қазақстан он көшбасшы елдің қатарына кіреді. Мемлекеттік теңгерім арқылы 49 кен орнындағы көмір қорлары есепке алынды және ол 33,9 млрд.т. құрайды. Барланған көмір қорының 90%-дан астамы Қазақстанның солтүстік-шығыс және орталық бөлігінде шоғырланған. Тәуелсіздік жылдары көмір өндіруші кәсіпорындар 2,6 млрд. тоннадан астам көмір өндірді, шамамен 0,8 млрд. тонна көмір таяу және алыс шетелдерге экспортталды.

Қазіргі уақытта елдің көмір саласында көмір өндіруді дамыту және көмір компанияларының экономикалық әлеуетін арттыру бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілді. Ауқымы мен уақыты бойынша теңдесі жоқ қайта құру шаралары көмір саласының нарықтық қатынастарға көшуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Қазір еліміздің көмір өндіру кешені даму үстінде, оның бәсекеге қабілеттілігі артып келеді, және кеншілердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көптеген жұмыстар атқарылуда. Алдағы уақытта да  ізашар ұрпақтардың тәжірибесін негізге алу арқылы тамаша кәсіби дәстүрлерге сүйене отырып, Сіздер сала алдында тұрған міндеттерді табысты шешетін боласыз.

Құрметті шахтерлар!

Республиканың көмір өнеркәсібінің барлық қызметкерлерін, еңбек ардагерлерін Шахтерлар күнімен тағы да құттықтауға рұқсат етіңіздер! Сізге шын жүректен зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және Сіздің қиын да қажырлы еңбегіңізде табыс тілеймін!