
2015-2018 жылдар аралығында индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығын іске асыру кезінде саладағы өндіріс көлемінің тұрақты өсу серпіні байқалады, бұл ретте кілем, шұлық және сыртқы трикотаж киімдері өндірісінде барынша өсу байқалады.
"Жеңіл өнеркәсіп тауарларын өндіру 1,4 есеге артты (72-ден 99 млрд.теңгеге дейін). Фурнитура мен штапельді талшықтар өндірісі жолға қойылды. 4 саланың өнімі Бразилия нарығына жеткізіле бастады. Бұл дайын тоқыма бұйымдары, кілемдер мен кілем бұйымдары, Эстонияға - ерлер мен әйелдердің киімдері, комплектілер, шалбарлар, Италияға шұлық бұйымдары жеткізіледі",-деп хабарлады ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр 23 тамызда Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары аясында "Индустриялық-инновациялық даму туралы" кеңес барысында.
2015-2018 жылдарға арналған ИИДМБ екінші бесжылдығын жүзеге асыру кезінде отандық жеңілөнеркәсіпте өндіріс көлемі өсімінің тұрақты серпіні жүріп жатыр, бұл ретте кілем, шұлық және сыртқы трикотаж киімдері өндірісінде барынша жоғары өсім байқалады. Мәселен, өндірілген трикотаж шұлықтар саны 2 058-ден 12 048 мың жұп (5,8 есе), кілемдер мен кілем бұйымдары 1 898-ден 5 608 мың шаршы метрге (3 есе), сыртқы трикотаж киімдер 33 949-дан 100 668 данаға (2,9 есе) дейін өсті.
ҚР-да жеңіл өнеркәсіп өнімінің өндіріс көлемі 2018 жылы 99,4 млрд.теңгені құрады, бұл 2014 жылдың номиналды деңгейінен 57%-ға жоғары. Өсім жеңіл өнеркәсіптің барлық кіші салаларында байқалады. Жеңіл өнеркәсіп өнімі экспортының көлемі 2018 жылы 202,9 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2014 жылғы көрсеткіштен 13,3%-ға жоғары.
2014 жылмен салыстырғанда, көрсеткіш негізінен поливинилхлорид сіңірілген тоқыма материалдары және мақта – мата иірімжібі есебінен тоқыма өнімдері экспортының 49%-ға ұлғаюы есебінен артты. Бұл ретте, Былғары және оған жататын өнімдердің экспорты 60%-ға, киім экспорты 9,4%-ға қысқарды.
2018 жылы Жеңіл өнеркәсіп өнімінің импорты 1 379,6 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2014 жылғы көрсеткіштен 38%-ға төмен. Импорттық ағындардың төмендеуі былғары және оған жататын өнімдер өндірісінде 52%-ға, киім өндірісінде 45%-ға байқалады. Тоқыма бұйымдарын өндіруде 1%-ға ұлғаю байқалады.
2018 жылы 2014 жылмен салыстырғанда жеңіл өнеркәсіптің негізгі капиталына инвестициялар 41% артып, 9 707,9 млн.теңгені құрады. Өсу тері және оған қатысты өнімдер өндірісінен басқа барлық кіші салаларда байқалады.
2015-2018 жылдары Индустрияландыру картасы аясында жалпы сомасы 15,4 млрд.теңгеге 17 жеңіл өнеркәсіп жобасы іске асырылды.
Белсенді жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 2018 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 1,3 есе, 751-ден 992 кәсіпорынға дейін өсті.
2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша салада 1016 кәсіпорын жұмыс істейді, оның 96%-ы-13 мың адам еңбек ететін шағын кәсіпорындар.
Индустриаландыру бағдарламасын іске асыру кезінде жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 2010 жылдан бастап 2,7 есе өсті, бұл ретте жоғары көрсеткішті өсім носки өндірісінде – 4,3 есе, қалпақ және бас киім – 2,1 есе, төсек–орын-2,6 есе өскендігі байқалды.