Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындары цифрландыруды қалай енгізуде

Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындары цифрландыруды қалай енгізуде

Әлемдік трендтерге сәйкес Қазақстан өнеркәсіптік кәсіпорындарды цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Бұл бағытта жаңа сандық технологияларды және инновацияларды енгізетін алдыңғы қатарлы компаниялар бар

"Индустрия 4.0" төртінші өнеркәсіптік революция шеңберінде ірі отандық компаниялар сандық шешімдерді енгізу есебінен өндірістік шығындарды азайту, компанияны бәсекелестік тұрғыдан позициялау сияқты бірқатар мәселелерді ескеруге мүмкіндік беретін өзінің даму стратегиясын қалыптастырды.

Сонымен қатар, 4.0 Индустрия технологияларын енгізуді танымал ету мақсатында құрылатын және 2025 жылға қарай сандық технологиялар мүмкіндіктерінің демонстрациялық алаңдары болатын "модельдік цифрлық фабрикалар" мысалында оң ілгерілеулер бар. Барлығы 7 модельді сандық фабриканы құру жобасы аясында 40-тан астам жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде 14 жоба іске асырылды.

"Химфарм" АҚ (Шымкент қ.) жалпы сомасы 553,8 млн теңгеге 6 жобаны жүзеге асырады;

"Евразиан Фудс" АҚ (Қарағанды облысы) жалпы сомасы 603 млн теңгеге 5 жобаны жүзеге асырады.;

"Карлскрона" ЖШС (Шымкент қ.) қазір 7 жобаны жүзеге асыруда

"Балтекстиль" ЖШС қазіргі уақытта 5 жоба жүзеге асырылуда

"Кентау трансформатор зауыты" АҚ 5 жобаны жүзеге асыруда

"Алматы желдеткіш зауыты" ЖШС 5 жобаны жүзеге асырады

"Алтыналмас" АҚ  3,1 млрд теңге инвестиция шеңберінде 14 жобаны жүзеге асыруда.

Бұдан басқа 2022 жылға қарай 102 ірі және орта кәсіпорындарда сандық технологиялар кешенді түрде енгізілетін болады. (Қазіргі уақытта жүйе құраушы кәсіпорындардың жобаларын және "модельдік цифрлық фабрикалар"жобасын ескере отырып, 90 кәсіпорын бойынша жоспарлары бар).

Тау-кен өнеркәсібінің жүйе құраушы кәсіпорындарын цифрландыру бойынша нақты жобаларды жүзеге асыру туралы айта келе, 14 жобаны іске асыру жоспарланған болса, 2025 жылға дейін 18 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл – бизнестің өндірісте өз бетінше сандық технологияларды уақтылы енгізудің орындылығын түсінетінін білдіреді. Цифрлық технологияларды енгізу бойынша көшбасшылар "Евразийская Группа" ЖШС, "Қазмырыш" ЖШС, "Алтыналмас" АҚ, "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ және "Қазақмыс корпорациясы"ЖШС сияқты компаниялар болып табылады.

Мысалы, "Алтыналмас" АҚ-да бүгінде Сандық кеніш жобасының Мақсатты моделі әзірленді, ол әр түрлі функционалдық толымы бар жүйелердің 6 деңгейін қамтиды, қазіргі заманғы автоматтандыру жүйелерімен жұмыс істеу дағдыларын қамтамасыз ету және өсіру үшін кәсіпорын қызметкерлерінің құзыретін арттыру, ТМК-де құзыреттілік орталығын құру үшін әдіснамалық базаны қалыптастыру бойынша толық ауқымды жұмыс өрістетілді. Тау-кен металлургиялық кәсіпорын мысалында цифрландыруды пилоттық іске асыруды қамтамасыз етуге қабілетті команданы дайындау жүріп жатыр.