
2019 жылғы 29 шілдеде ҚР АКМ Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен тау-кен металлургия өнеркәсібі кәсіпорындары тау-кен металлургия саласында атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.
Іс-шараға ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Баитов, "Казцинк" ЖШС Бас директорының сандық трансформация бойынша кеңесшісі Максим Гайфулин, "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ техникалық директоры Серік Әбішев қатысты. Бүгінде бұл кәсіпорындар өз өндірістерінде цифрландыруды табысты енгізуде.
Тау-кен металлургия кешені ЖІӨ-нің шамамен 6.7% - ын, өнеркәсіптік өндірістің 25% - ын және экспорттың 24% - ын құрайды. Салада 800-ден астам кәсіпорын және 185 мың жұмыс орны бар.
Соңғы 10 жыл ішінде индустрияландыру бағдарламасы аясында тау-кен металлургия кешенінде 114 жоба іске қосылды.
Төртінші өнеркәсіптік революция бүгінгі таңда әлемдегі ең өзекті үрдістердің бірі болып табылады. Индустрия 4.0 технологияларын енгізу арқылы өндірістік және көліктік шығындарды төмендету, бизнес-процестерді оңтайландыру, жаңа бизнес-модельдерді енгізу, өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай арттыру мүмкін болды.
2015-2019 жылдар аралығында 4-ші өнеркәсіптік революция стандарттарына жауап беретін жаңа жабдықтары бар қазіргі заманғы тау-кен металлургия кәсіпорындары пайдалануға берілді. Олар: Казминералс Ақтоғай және Бозшакөл, Бақыршық КБК, Sary-Arka cooper processing және басқа кәсіпорындар. Бірінші кезеңде жылына 180 мың тонна қуаттылығымен YDD ферроқорытпа шығаратын жаңа заманауи автоматтандырылған зауыт іске қосылды. 3 айналмалы ваннасы бар рудотермиялық пештер Индустрия 4.0 элементтерімен жабдықталған әлемдік ферросилицияның жаңа жетістіктерімен қолданылатын ең үздік әлемдік стандарттарға сәйкес келеді.
2018 жылдан 2025 жылға дейін кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын цифрландыру аясында 1,7 трлн теңге сомасына 192 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оларды іске асырудан болатын экономикалық тиімділік 2025 жылға дейін 2.2 трлн теңге деңгейінде күтілуде.
Қазіргі уақытта 2025 жылға дейін 1,75 трлн теңге тиімділігімен 79 жобаны аяқтады.
Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында 70,3 млрд теңге сомасына 53 жобаны аяқтау жоспарлануда.
Министрлік халықаралық тәжірибені ескере отырып, цифрландыруды жоспарлап отырған отандық кәсіпорындарды қолдау және цифрлық технологияларды белсенді енгізуді ынталандыру үшін қажетті экожүйені құруға бағытталған шараларды әзірледі. Бұл шаралар «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына кірді.

