ҚР ИИДМ жаңа жылыту маусымына дайындалуда

ҚР ИИДМ жаңа жылыту маусымына дайындалуда

2019 жылғы 24 шілдеде министрлікте алдағы жылыту маусымына дайындық және коммуналдық-тұрмыстық сектор мен тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету бойынша селекторлық кеңес өтті.

Кеңес ұлттық экономика министрлігінің, облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «ТКМӨҚ» ЗТБ өкілдерінің қатысуымен ҚР ИИДМ вице-министрі Аманияз Ержановтың төрағалығымен өтті.

 Әкімдіктерге:

- коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар және халыққа көмір дайындау бойынша;

- көмір тапшылығын болдырмау үшін өңірлерде көмір жеткізушілермен өзара іс-қимыл жасау бойынша;

- коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халық үшін көмірді жеткізуге мониторинг жүргізу және апта сайынғы негізде ҚР ИИДМ ақпарат жіберу;

- көмірдің бар болуы және сату нүктелері туралы хабарлау үшін жедел желі құру бойынша;

- дұрыс емес ақпаратты таратуға жол бермеу бойынша БАҚ және әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы;

- көмірдің заңсыз қымбаттауын болдырмау үшін монополияға қарсы ведомствоның аумақтық бөлімшелерін тарту бойынша жұмыстарды жалғастыру ұсынылды.