
ҚР Премьер-министрі Қарағанды облысына сапары барысында ферроқорытпа шығаратын зауыттың салтанатты ашылуына қатысты, сондай-ақ өңірдің индустриялық нысандарын аралады.
Жаңа кәсіпорын «YDD Corporation» ЖШС жобасы болып табылады және ферросилициялар өндіретін болады. Жобаның құны - 32 млрд. теңге. Өндірістік қуаты жылына 180 мың тонна I және II кезекте болса, ал III кезекте ферроқорытпа жылына 240 мың тоннаны құрайды. Зауытта Швеция, Дания, Түркия, ҚХР және басқа елдердің инженерия саласындағы әлемдік сарапшылардың қатысуымен өндірістік циклдің жаңа технологиялық әзірлемелері енгізілетін болады.
Өндірілетін өнім 100% экспортқа бағдарланған болып табылады. Ферросилицияның негізгі көлемін зауыт Ресейге, Түркияға, Оңтүстік Кореяға, АҚШ-қа және Еуропалық Одақ елдеріне жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл ретте дайын өнімді өндіру кезінде қазақстандық мазмұнмен қамту үлесі 94% - дан асады.
Өндірістің үлкен көлеміне – жылына 240 мың тоннаға дейін өндіруіне қарамастан, газ тазарту жүйесінің кешені және көмірдің орнына электр энергиясын пайдалану атмосфераға шығатын зиянды қоспаларды іс жүзінде толығымен бейтараптандырады және қоршаған ортаға теріс әсерін азайтады.
Алғашқы екі кезектегі өндірістің жоспарланған көлемі Қазақстанға әлемдегі ірі ферроқорытпа өндірушілерінің 10-дығына кіруге мүмкіндік береді.
Пайдалану кезеңінде 350 тұрақты жұмыс орны ашылады, олардың саны 550-ге дейін артады. Мұндай салмақты жобаны іске қосу өңірді дамытуға ғана емес, жалпы республиканың металлургия өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосады.
Сонымен қатар, Қарағанды облысына сапар барысында ҚР Премьер-министрі катодты мыс өндіру, «Алайғыр» кен орнының қорғасын-күміс кенін өңдеу және байыту кәсіпорындарына барды. Жобада флотациялық әдіспен өңдеу және байыту қарастырылған,онда Қазақстанда алғаш рет флэш флотациялық ұяшықтар іске қосылатын болады. Жобаның жалпы құны-41,1 млрд. теңге. Пайдалануға беру кезеңі-2020 жыл.
Сонымен қатар, Асқар Мамин 2016 жылы пайдалануға берілген «Көктасжал» кен орны базасында тау-кен байыту кешеніне барды. Жобаның жалпы құны-63,1 млрд. теңге. Кен орындарын ашық тәсілмен игеруді жүзеге асыру кезінде кен өнеркәсібінде алғаш рет циклдік-ағындық игеру жүйесі (тау-кен жұмыстарының 100% көлемінде) қолданылғанын атап өту керек.
