«Көмірге және оларды қайта өңдеу өнімдеріне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі бұйрығының жобасына баспасөз релизі

Техникалық регламент «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.

Техникалық регламент келесі мақсаттарда әзірленген:

- Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- жануарлардың, өсімдіктердің өмірі мен денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау, көмір ресурстарын ұтымды пайдалану;

- көмір өнімін тұтынушыларды оның мақсатына, сапасы мен қауіпсіздігіне қатысты жаңылыстыруға әкеп соғатын іс-әрекеттердің алдын алу;

- халықаралық нормативтік және құқықтық құжаттар талаптарының орындалуын қамтамасыз ету.

Бұйрық 2022 жылғы 3 наурызда «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актiлердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14020597).