
ҚР ИДМ «Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті»Теміртау қаласы бойынша Өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімімен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Болат департаментінің жоспардан тыс тексеруі, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптарға, тексерілетін субъектінің (объектінің) сәйкестігіне жүргізілді.
2015 жылғы 29 қазаңдағы № 375-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының «Кәсіпкерлік Кодексінің»144 бабы 3т. 1-1т-т. 1т-т. сәйкестексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау.
Тексеру барысында нұсқамадағы 537 заң бұзушылық тармағының 172 тармағы орындалмағаны анықталды.
Тексеру нәтижесі бойынша Қарағанды облысының Теміртау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-н өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзғаны туралы нұсқаманы уақытында орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хаттама жасалды.