
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сай өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында нормативтік құқықтық актілерді өзектендіру үшін, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Т.Нұрашевтің бұйрығы бойынша Комитет жанынан жұмыс топтары құрылды.
Бұйрыққа сәйкес Комитетте «Көмір шахтыларының қауіпті өндірістік объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік қамтамасыз ету ережелерін» қайта өндеу мен өзектендіру бойынша жұмыс тобы құрылған. Жұмыс тобының құрамына Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментің, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің тәжірибелі және жоғары білікті мамандары, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД бас мамандары, өнеркісптік қауіпсіздік саласында аттестатталған ғылыми ұйымдардың («ҚазӨҚҒЗИ» ЖШС, «Карагандагипрошахт и К» ЖШС, «ӨҚҰҒТӨ» АҚ, «ГеоМарк» ҒЗО» ЖШС), «Депрессиондық қызмет» ЖШС, «КӘАҚҚ» ШЖҚ РМК өкілдері және т.б. кірген.
Он айлық жұмыстың нәтижесінде 2014 жылғы 30 желтоқсаннан Ереженің 705 тармағы және 31 қосымша қайтадан қарастырылған. Нәтижесінде жұмыс тобы қолданыстағы Ережелердің 28 бөліміне және тарауларына өзгерістер мен қосымшалар еңгізді.
Ережелер мен оларға қосымшалардағы өзгерістер пайдалануға қабылданған жаңа жабдықтар мен техникалық құрылғыларды, жұмыс орын автоматтандандыру жүйесінде (ЖОА) жаңа бағдарламалық қамтамасыз ету, тау-кен қазбаларын бекітетін жаңа материалдар мен әдістерін есепке ала отырып, еңгізілген. Сонымен қатар, 2017 жылғы 31 қантардан және 2018 жылғы 10 қаңтардан Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдау аясында, көмір шахтыларында өндірістік процесстерді сандық жүйелеуді еңгізу сияқты мәселелер есепке алынған.