Аяқ киімді таңбалау кезінде салмақ сипаттамалары мен фотоконтент міндетті емес болды

Аяқ киімді таңбалау кезінде салмақ сипаттамалары мен фотоконтент міндетті емес болды

Енді таңбалаудың ақпараттық жүйесінде аяқ киім өнімдерінің карточкасын толтырған кезде фотоконтент және салмақ габариттік сипаттамалары, атап айтқанда түрі, материалы, қаптамасының бағыты, ені, биіктігі, жалпы салмағы міндетті емес жолақтарға айналды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚР-да тауарларды таңбалаудың Бірыңғай операторымен бірлесіп, осы мүмкіндікті бизнес ұсыныстарын ескере отырып іске асырды.

Сондай-ақ, 2021 жылдың 1 қарашасына дейін әкелінген аяқ киім қалдықтарын таңбалау бойынша жеңілдетілген схема іске асырылды. Қалдықтарды 2022 жылдың 1 қарашасына дейін таңбалау керек.

«Аяқ киім нарығына қатысушыларға арналған вебинарларда бизнес осы тармақтарды жеңілдету туралы өтініш білдірді. Біз осындай мүмкіндікті іске асырдық және аяқ киім карточкасын толтыру кезінде минималды атрибуттық құрамды қарастырдық. Ал қалдықтарды таңбалау үшін тек ЖСН/БСН, СЭҚ ТН коды, сауда атауы, аяқ киімнің түрі, түсі мен мөлшері ғана міндетті болып қалды», - деп атап өтті ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов.

Айта кетсек, бүгінгі таңда жүйеде 1000-нан астам аяқ киім өндірушілері мен импорттаушылары, 300 мыңнан астам тауар карточкалары тіркелген, 21 млн-нан астам таңбалау кодтары шығарылған, осылайша 3 ай ішінде елімізде аяқ киім импортының барлық тұтынылатын көлемінің 60% - дан астамына тапсырыс берілді.