
"Құрметті форумға қатысушылар, сіздерді Қазақстан машина жасаушыларының VII форумының өткізілуімен құттықтаймын! Қазіргі уақытта машина жасау саласы қосалқы бөлшектерден бастап жоғары технологиялық заманауи жабдыққа дейін көптеген өнім шығарады, ол сондай-ақ тепловоздарды, жолаушылар мен жүк вагондарын, жүк және жеңіл автомобильдерін, трансформаторларды, сондай-ақ басқа да күрделі жабдықтарды шығарады. Машина жасау бүкіл қазақстандық экономиканың дамуына ықпал ететін сала болып табылады",-деп атап өтті форум барысында Мемлекет басшысының көмекшісі Мәулен Әшімбаев өзінің оқыған құттықтау сөзінде.
Президент машина жасаушылар мен мемлекеттің күші арқылы Қазақстанды индустрияландырудың драйвері ретінде машина жасауды дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.
Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев форумға қатысушыларға жемісті еңбек тіледі.
