Тапсырыс берушінің ресми сайтында орналастыру үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері үшін мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну шарттары мен тетіктерін түсіндіру және талқылау бойынша жүргізілген жұмыс туралы ай сайынғы шолу. (2022 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша)

2022 жылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша «QazIndustry» АҚ келесі іс-шараларды өткізді:

  1. Индустриялық-инновациялық қызметтің 22 субъектісіне еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындардың бір бөлігін өтеу шарттары мен тетіктерін түсіндіру бойынша, сонымен қатар өндірістік грант жобасы бойынша ауызша консультациялар (кіріс телефон қоңыраулары) берілді;
  2. Нұр-сұлтан қаласында орналасқан ЖШС "Goida.kz" кәсіпорнына барды, қолдау құралдарын ұсыну шарттары мен тетіктері түсіндірілді, қызықтырған сұрақтарға толық жауаптар берілді, порталда онлайн өтінім беру механизмі түсіндірілді және көрнекі көрсетілді https://qazindustry.gov.kz.
  3. Мемлекеттік қолдау шаралары бойынша құрылған WhatsApp (225 қатысушы), Telegram (734 қатысушы) мессенджерлеріндегі чаттарда консультация беру бойынша жұмыс жалғасуда, онда бизнес өкілдері тұрақты және жедел негізде сұрақ/жауап режимінде егжей-тегжейлі консультация алады.