
Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Карағанды облысы бойынша департаментінде 2018 жылдың 17 тамызында департамент басшысы орынбасарының төрағалығымен күн тәртібінде «Өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі. Кәсіпорындардың 2018 жылғы астық қабылдауға дайындығы» тақырыбы бойынша техникалық кеңесі өтті.
Кеңеске Техникалық кеңестің мүшелері, өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын кәсіпорын өкілдері, сонымен қатар Департамент қызметкерлері қатысты.
Кеңес барысында көптеген кәсіпорындар КСРО кезінде қолданысқа берілгені айтылды. Мысалы «Қарағанды диірмен комбинаты» ЖШС (негізгі өндірістік ғимараттары 1958-1975 ж.ж.), «Центрально-Казахстанский элеватор» ЖШС(негізгі өндірістік ғимараттары 1958-1975 ж.ж. ), «Шокайский элеватор» ЖШС (негізгі өндірістік ғимараттары 1958-1963 ж.ж. ), «Ак Нура ХПП» ЖШС (негізгі құрылғылар: астықтазалағыш 1988 ж., астықкептіргіш1978 ж. қолданыста), «Осакаровка-Нан» ЖШС ЖШС (астықкептіргіш1980 ж. қолданыста).
Жүргізілген талдау көбінесе жиі қайталанатын заң бұзушылықтарды көрсетті:
- ғимараттар мен құрылыстарға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы сараптаманың уақытында жүргізілмеуі, сонымен қатар ескірген технологиялық құрылғыларды жаңарту мен ауыстыру жұмыстарының уақытында жүргізілмеуі;
- құрылғыларды жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізілмейді, сонымен қатар құрылғылар күрделі жөндеуден өтпейді.
- техникалық құрылғыларды кезекті техникалық куәландыру уақытында жүргізілмейді, қауіпті объектілерде қолданылатын технология, техникалық құрылғылар, материалдарды қолдануға рұхсаттама уақытында толтырылмайды.
Өткізілген Кеңестің қорытындылары бойынша, Департамент тексерулер барысында анықталған заң бұзушылықтарды жою үшін, сонымен қатар, апаттарды, оқиғалардың және жарақаттанудың алдын алу мақсатында өндірістік бақылауды күшейту, бұрын анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде кәсіпорын басшыларына міндеттер қойды.