
2018 жылғы 24 тамызда Өскемен қаласында ҚР ИДМ ИДӨҚК ШҚО бойынша Департаментінің (бұдан әрі - Департамент) басшысы Б. Альзаховтың төрағалық етуімен «Шығыстүстімет» ЖШС 2018 жылғы 13 сәуірдегі ШҚО Прокуратурасының тексеру қорытындысы нұсқамасына сәйкес, бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жоспарының орындалу барысы және жарақат алу себептері мен оларды болдырмау бойынша қабылданған шаралар жайында мәжіліс өткізілді.
Қатысқандар: «Шығыстүстімет» ЖШС, оның өндірістік бөлімшелері басшылары мен Департаменттің бөлім басшылары, бас мамандары.
Департамент басшысы Б.И. Альзахов кіріспе сөзбен мәжілісті ашты.
Мәжіліс қорытындысы бойынша, «Шығыстүстімет» ЖШС объектілерінде қауіпсіздікті арттыру, апаттар мен өндірістік жарақаттануды төмендету шаралары бойынша шешім қабылданды:
1.1. 2018 жылғы 13 сәуірдегі ШҚО Прокуратурасының тексеру қорытындысы бойынша нұсқамасында көрсетілген бұзушылықты жою жұмыстарының мерзімінде орындалуынажәне сапасына бақылау жүргізу;
1.2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, объектілерде тиімді өндірістік бақылауды қамтамасыз ете алмаған «Шығыстүстімет» ЖШС кәсіпорынына, оның өндірістік бөлімшелерінің басшыларына қатаң шаралар қолдану;
1.3. Әдістемелік көмек көрсету және кәсіпорындардың жаңа, қауіпсіз және тиімді жұмыс технологияларын енгізуіне бақылау жүргізу.
2.1. Тексеру қорытындысы бойынша нұсқамасына сәйкес, заң бұзушылықтарды жою бойынша іс-шаралар жоспарының барлық тармақтарындағы көзделген шараларды бұлжытпай орындау;
2.2. Орлов өндірістік кешенінде газ – температуралық режимін төмендету бойынша талаптарды қатаң сақтау және бұлжытпай орындау;
2.3. Жүк көтергіш механизмдерді өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестік сараптамасын жүргізусіз пайдалануға жол бермеу. Тексеру барысында анықталған 29 жүк көтергіш механизмдерге өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестік сараптамасын жүргізу;
2.4. Объектілерде қауіпсіздікті арттыру, апаттар мен өндірістік жарақаттануды төмендетуге бағытталған жаңа, қауіпсіз және тиімді жұмыс технологияларын енгізу жұмыстарын жүргізу;
2.5. «Шығыстүстімет» ЖШС және оның өндірістік бөлімшелерінде өндірістік бақылау қызметтері жұмыстарының сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдау;
2.6. 2018 жылғы 13 сәуірдегі ШҚО Прокуратурасының тексеру қорытындысы бойынша нұсқама тармақтарының орындалуы жөніндегі ақпаратты уақтылы ұсыну.