Биыл 8 айда машина жасау өндірісінің өсімі 13,8%-ды құрады

Биыл 8 айда машина жасау өндірісінің өсімі 13,8%-ды құрады

2018 жылдың 20-21 қыркүйегінде Астанада ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен Қазақстанның машина жасаушыларының VI форумы өтуде. Онда машина жасау саласының өзекті мәселелері, сондай-ақ барлық өңдеу өнеркәсібінің ірі жүйелі мәселелері талқыланады.

Форумның пленарлық отырысына ҚР Премьер-министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин, Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі – өнеркәсіп және АӨК министрі Александр Субботин, қазақстандық және әлемнің 20-дан астам елінен келген шетелдік жетекші машина жасау кәсіпорындарының басшылары, орталық мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың, даму институттарының, бизнес қауымдастықтардың өкілдері мен ірі машина жасау өнімдерін тұтынушылар қатысты.

Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының бірінші бес жылдығын іске асыру жылдарында машина жасау саласы еліміздегі ең қарқынды дамыған салалардың бірі болды. Өндіріс көлемі 2010 жылғы 376 млрд. теңгеден 2014 жылы 870 млрд. теңгеге дейін, яғни, 2,3 есеге ұлғайды.

Өңдеу өнеркәсібі көлеміндегі отандық машина жасаудың үлесі 9,7%-дан 14,8%-ға дейін өсті.

2018 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша машина жасау өндіріс көлемі 638,1 млрд.теңгеден асып, өндірістің өсімі – 13,8%-ды құрады.

Автомобиль құрау машина жасау салаларыарасында ең үлкен өсім қарқынынкөрсетті. Биыл 8 айда жалпы құны  117,7 млрд.теңге болатын 19 мыңнан аса автомобиль құралды (ФКИ 150,1%). Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге көп.

Өндірістің жылдам өсуіне нарықтағы сұраныстың артуы, экспорттық нарықтардың ашылуы, сондай-ақ мемлекет тарапынан жеңілдетілген автонесие мен лизингтік қаржыландыру бағдарламалары сеп болды. Бұл бағдарламалар автомобиль жасау секторының дамуына оң серпін берді. Егер 2017 жылы сатылған әрбір үшінші автомобиль отандық кәсіпорындарда шығарылған болса, 2018 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша сатылған әрбір екінші автомобиль отандық өндіріске тиесілі. 

Келесі жылы жеңілдетілген несиелендіру (10 млрд.тг. көлемінде) және коммерциялық техниканы лизингті қаржыландыру (30 млрд.тг. көлемінде) бағдарламаларын жалғастыру жоспарланып отыр.

Электр техникалық машина жасау секторы өзге машина жасау секторларымен салыстырғанда тұрақты өндіріс динамикасымен ерекшеленеді.

Биылғы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша сектордағы ФКИ 143,1% құрады, өндіріс көлемі – шамамен 80 млрд. теңгеге жетті.

Өндірістің өсіміне сектордың ірі ойыншыларының көбеюі ықпал етті.  Атап айтқанда, биыл 8 айда электрлік қорғасын-қышқылды аккумуляторлар өндірісі 9,6 % артты және 1,5 млн. бірлік белгілемесінен асты. Шырақтар мен жарықтандыру құрылғыларын өндіру 21 есеге артты, электронды кабельдер өндірісі 84%-ға өсті. Өсімге сондай-ақ ТМД нарығына, әсіресе РФ-на экспорттық жеткізілімдерді арттыру да ықпал етті.

Теміржол машинасын жасауда биылғы жылдың 8 айында 1000-нан аса жүк вагоны өндірілді, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,2%-ға артық.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласыауыл шаруашылығы машиналары мен техникасын құрастыратын отандық кәсіпорындардың қатарынан көрінді.

2018 жылдың 6 айында ауыл шаруашылығы техникасы секторының өндіріс көлемі 12 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,8%-ға ұлғайған. Өндіріс көлемдерінің өсуі «Агромашхолдинг» АҚ, «Комбайновый завод «Вектор» ЖШС, «Казахстанская агроинновационная корпорация» ЖШС-де байқалады.

Мемлекет саланы қолдаудың бірқатар шараларын қабылдауд.  Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы техникасын өткізуде қосылған құн салығынан босату, биыл бюджеттен комбайндар мен тракторлардың жеңілдетілген лизингіне қаражат бөлінді (3 млрд. теңге көлемінде). Министрлік келесі жылы қосымша 3 млрд.тг. бөлуді пысықтауда.

Тау-кен руда және мұнай-газ машинасын жасау кәсіпорындары негізінен жүйе құраушы, мұнай сервистік компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған.  Бұл салалар өндірісте роботталған дәнекерлеуші кешендерді қолданумен сипатталады (Индустрия 4.0. элементтері). Саланың жарқын көріністері «Мэйкер» ЖШС, «Жігермұнайсервис» ЖШС, «Өскемен арматура зауыты» АҚ және т.б..

Тұтастай алғанда, индустрияландыру бағдарламасын іске асыру жылдары машина жасау саласында 100-ден аса жоба іске асырылды (260 млрд. теңге сомасына), шамамен 11 мың жұмыс орны ашылды.

Машина жасауды алдағы уақытта дамытудың жаңа факторы өндірісті цифрландыру және технологиялық жаңғырту болып табылады.

Биыл Министрлік мемлекеттік қолдаудың тиісті қосымша шараларын жасау үшін жекелеген кәсіпорындарға Индустрия 4.0 элементтерін енгізу жобасын іске асыруда.

7 модельді цифрлық фабрика, соның ішінде машина жасаудың 3 кәсіпорынымен жұмыс жасалды. Бұл «Кентау трансформаторзауыты» АҚ,«Алматы желдеткіш зауыты» АҚжәне «Карлскрона» ЖШС (сорғы жабдықтары және тиекті арматура). Бұл кәсіпорындарға технологиялық аудит жүргізілді, оның нәтижесінде цифрландыру бойынша жол карталары бекітіліп, іске асыру жұмыстары басталды.

Биыл ҚР ИДМ Қазақстанның машина жасаушылар одағымен бірлесіп, 2019-2030 жылдарға арналған машина жасауды дамытудың кешенді жоспарының жобасын әзірледі. Оның мақсаты отандық машина жасаудың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қазақстандық өндіріс өнімдерімен ішкі нарықты қамтамасыз ету және экспорт деңгейін арттыру.

Рост производства в машиностроении за 8 месяцев т.г. составил 13,8%

Рост производства в машиностроении за 8 месяцев т.г. составил 13,8%

Рост производства в машиностроении за 8 месяцев т.г. составил 13,8%

Рост производства в машиностроении за 8 месяцев т.г. составил 13,8%

Рост производства в машиностроении за 8 месяцев т.г. составил 13,8%

Рост производства в машиностроении за 8 месяцев т.г. составил 13,8%