Қазақстандықтар Кремний алқабындағы өнеркәсіптік компаниялардың корпоративті жеделдету бағдарламасынан өтті

Қазақстандықтар Кремний алқабындағы өнеркәсіптік компаниялардың корпоративті жеделдету бағдарламасынан өтті

Ағымдағы жылдың 14-24 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті делегациясы АҚШ тың Сан-Франциско қаласына барды. Делегация құрамында Комитет төрағасы Алмас Батанов және Тау-кен металлургия өнеркәсібі басқармасының бас сарапшысы Ернар Саржанов болды. Олар Кремнийлік алаптағы RocketSpace жетекші технологиялық паркінің қолдауымен  Corporate innovation tour өнеркәсіптік компаниялардың корпоративтік жеделдету бағдарламасына қатысты.

Бағдарлама Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті және «Инновациялық технологиялар паркі» Дербес кластерлік қоры («ИТП» ДКҚ) арасындағы келісім бойынша ұйымдастырылды. Бұл шараның негізгі мақсаты қазақстандық компаниялардың озық технологияларды игеріп, қалыпты кәсіпорыннан қазіргі заманғы цифрлы кәсіпорынға ауысуы мен  трансформациялауына  бағытталған.

Қазақстандық делегация құрамына «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазгеология» ҰТК» АҚ, «Алтыналмас» АҚ сияқты компаниялардың инновациялық саясаты мен стратегиясын қалыптастырып, оны жүзеге асыратын жауапты өкілдер мен отандық StartUp топтар кірді.

Бағдарлама шеңберінде жаңа бағыттар мен нарықты құру және дамыту, озық технологияларды қолдану, бизнес-желілерді жаңғырту, жаңа технологияларды тарту, корпоративтік инвестицияларды басқару тақырыптары қамтылды.

Сондай-ақ, қазақстандық делегация АҚШ-тың жетекші корпоративтік және халықаралық технологиялық компанияларында болды, оның ішінде 500 StartUp, Google және т.б.

Бағдарлама барысында отандық компаниялардың озық технологиялары бар стартаптармен өзара байланыс жасау, пилоттық бағдарламаларды іске асыруды талқылау және басқа салалық корпорациялармен ынтымақтастық мәселесі талқыланды.

Сонымен қатар, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасы Алмас Батанов Global Venture Alliance халықаралық акселерациялық компаниясының өкілдерімен және «Инновациялық технологиялар паркі» Дербес кластерлік қорының Бас директорымен бірігіп бірлескен Венчурлік қор құруды және Қазақстан Республикасының инновациялық экожүйесін қалыптастыру және даму стратегиясын талқылады.

Осы бағдарламаның жалғасы ретінде  қазанның бірінші онкүндігінде кәсіпорындардың технологиялық проблемаларын шешу үшін отандық кәсіпорындармен StartUp Kazakhstan жобаларының презентациялық сессиясы өтеді.