«КӘАҚҚ» РМК Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушылары XI Халықаралық жарыстарының жүлдегерлері атанды

«КӘАҚҚ» РМК Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушылары XI Халықаралық жарыстарының жүлдегерлері атанды

Қарағанды облысының кәсіпорындарында өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесінің жұмысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының ИДМ Қарағанды облысы индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздігі Комитеті Департаментінің тұлғасында қауіпті өндірістік объектілерде қауіптіерді төмендетуге, авариялық және жарақаттануды төмендетуге бағытталған.

Облыстың көмрді қазатын кәсіпорындарында авариялық-құтқару (тау-кен құтқару) жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу азаматтық қорғаныстың ажырамас бөлігі боып табылады. Тұрақты дәрістер және жаттығулар, материалдық бөлікті зерделеу, оқу дабылдары және оқу-жаттығулар, кәсіби жарыстар тау-кен құтқарушылардың жетістікті жедел және тиімді жұмысының кепілі болып табылады.

2018 жылдың 24 қыркүйегі мен 28 ыркүйегі аралығыда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды филиалының командасы Екатеринбург қ. (Ресей) ІМRС 2018 ХІ Халықаралық тау-кен құтқарушылардың жарыстарына қатысты. Іс-шараларда әлемнің 11 елінен 25 команда: Австралия, Канада, Колумбия, Замбия, Қытай, Индия, Турция, Словакия, Польша, Қазақстан, Ресей, Донецк қ. және Луганск қ. құтқарушылары қатысты.

Жарыстардың жалпы сынақ кезеңдеріне кірді:

  1. Тау-кен құтқару жұмыстары;
  2. Өрт сөндіру;
  3. Алғашқы жәрдем көрсету;
  4. Теориялық емтихан;
  5. Тау-кен құтқару эстафетасы.

Құрамында 6 адамы бар команда (1 адам- командалық пунктте тау-кен құтқару жұмыстарының басшысы,; 5 адам- 1 бөлім командирі және 4 бөлім құрамында құтқарушылар) әрекет етуші шахтының жағдайында Тау-кен құтқару жұмыстары және Өрт сөндіру кезеңдерінде көрсетулері керек болды:

авариялық учаскенің тау-кен қазбаларын тексеру;

учаскенің желдетуін қалпына келтіру;

мүмкін болатын авариялық жағдайларды жою («өрт ошағын» оқшаулау);

зардап шегушілерді анықтау;

зардап шегушілерге алғашқы жәрдем көрсету және оларды тасымалдау;

өрт ошағын сумен, өрт сөндіретін ұнтақпен, әуе-механикалық көбіктермен сөндіру.

Алғашқы жәрдем көрсету кезеңінде, әрекет етуші карьердің жағдайларында тау-кен құтқару бөлімінің құрамында көрсетулері керек еді:

авариялық учаскеге тексеру жүргізу;

зардап шегушілерге қауіп келтіретін барлық қатерлерді жою;

өмір нышандары бар зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсету және оларды тасымалдау;

автоматты дефибрилляторын қолданумен ЖӨР - өмір нышандары жоқ зардап шегушілерге алғашқы көмек көрсету;

Теориялық емтиханда Ресейдің ОПО-мен қолданылатын көмір шахтыларындағы қауіпсіздік Қағидаларына тау-кен құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі әскерилендірілген тау-кен құтқару бөлімінің Жарғысы бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланумен тестілеу жүргізілді.

Жарыстар жақсы көріністермен аяқталды - Тау–кен құтқару эстафетасы, оның барысында 5 кезеңде де қатысушылар тау-кен құтқару жабдықтарын қолдану, физикалық дайындық жағынан жарысты.

Жарыстардың бағдарламасына тағы да мынадай кезеңдер кірді:

Р-30Х техниктерінің жарысы: тыныс алу аппаратының ақаулықтарын анықтау және жою, бақылау аспабын қолданумен жұмысқа аппаратты дайындау;

Вертуальді ақиқат: авариялық учаскенің тау–кен қазбаларын тексеру, вертуальді ақиқаттың (джостиктерді және шлемдерді) мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді, компьютерді және контроллерлерді қолданумен өрт ошағын сөндіру;

Қазақстандық команда толық көлемде, әр кезеңде алға қойылған мақсаттарды белгіленген нормативтер мен талаптарға сәйкес орындап шықты, Тау-кен құтқару жұмыстары және Теориялық емтихан кезеңдерінің қорытындылары бойынша 2 орынды иеленді, ал жалпы есепте жарыстардың қола жүлдегері болды. 

28.09.2018 ж. Екатеринбург қ.  ХІ Халықаралық тау-кен құтқарушылардың жарыстары аяқталды. Жарыстардың салтанатты жабылуында әлемнің 11 елінен жиналған командалардың арасындағы төрт күндік ақтық күрес мәресіне жетті. Халықаралық құтқару ассоциациясының өкілдері, жарыстарды ұйымдастырушылар мен спонсорлар марапаттады:

жарыстардың сегіз түрінде жүлдегерлер және жеңімпаздар кубоктармен және медальдармен марапаттады;

халықаралық форумының қатысушыларын арнайы грамоталармен марапаттады.

«КӘАҚҚ» РМК Қарағанды филиалының командасы Теориялық емтихан және Тау-кен құтқару жұмыстары кезеңдерінің жарыстарында 2 орын үшін медальдар алды; 25 команда-қатысушылардың арасындағы жалпы есепте 3 орын үшін  медальдар алды. Бірінші, екінші орындарды Ресей командалары иеленді: ФТКӨ ӘТҚБ «Кемеровск ӘТҚЖ» филиалы, «СУЭК-Кузбасс» АҚ ӘТК А.Д. Рубан атындағы шахты.

Қазақстандық команданың өнер көрсетуі, жарыстардың ұйымдастырушылары мен қатысушыларының атынан жоғары баға алды. Донецк қ. азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және аппаттан кейінгі салдарды жою жөніндегі  Министрі, жоғары дайындықтары үшін «Тау-кенқұтқару қызметіне 110 жыл» естелік белгісімен Қарағанды филиалының құтқарушылары А. Жумабаевты және А. Савельевті марапаттады.

«КӘАҚҚ» РМК Қарағанды филиалының құрамы:

Г.Номоконов, жедел-алдын алу бөлімі бастығының орынбасары;

М.Кайракбаев, жедел-техникалық жұмыс жөніндегі 1 ӘАҚЖ взвод командирінің орынбасары;

А.Жумабаев, жедел-техникалық жұмыс жөніндегі 2 ӘАҚЖ взвод командирінің орынбасары;

О.Стрижаков, медицина жұмысы жөніндегі 2 ӘАҚЖ взвод командирінің орынбасары;

А.Турмуратов, 1 ӘАҚЖ бөлім командирі;

А.Сериков,  1 ӘАҚЖ бөлім командирі;

А.Савельев, 2 ӘАҚЖ бөлім командирі;

К.Жумадильдинов, 2 ӘАҚЖ бөлім командирі;

«КӘАҚҚ» РМК көмір кен және көмір саласының жедел алдын алу жұмысы жөніндегі Басқарма бастығы Е.Жаркимбеков, Қарағанды филиалының директоры Г.Силинский команданы бастап апарды.

«КӘАҚҚ» РМК Қарағанды филиалы командасының спонсорлары «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Рапид» фирмасы ЖШС болды, олардың спонсор болуы осындай ірі көлемдегі Тау-кен құтқарушылардың XI Халықаралық жарыстарында Қазақстан Республикасын лайықты көрсетуге септігін тигізді.