
Тексеру жүргізудің ерекше тәртібі бойынша 2018 жылдың II-ші жартыжылдық кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың 13-тамызы мен 4-қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігінің Индустриалық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «CaspiOilGas» ЖШС-нің өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына тексеру жүргізді. Тексеру барысында «Ракушечный» кен орнындағы нысандарда ерекше тәртіп бойынша тексеріс жүргізді. Тексеру жүргізу барысында 8 нысан тексеріліп, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша 19 заң бұзушылық анықталды. Анықталған кемшіліктер үшін заңды тұлғаға айыппұл салынды.


