
Тексеру жүргізудің ерекше тәртібі бойынша 2018 жылдың II жартыжылдық кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың 13 тамызы мен 4 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС-нің «Өзен» кен орнында орналасқан нысандарының өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайлары тексерілді. Тексеру қорытындысы бойынша 36 кемшілік анықталып, анықталған кемшіліктер үшін заңды тұлға мен жеке тұлғаға айппұл салынды.


