
Ағымдағы жылдың 25-қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігі Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2018 жылдың ІІ-ші жартыжылдық тексеру кестесіне сәйкес, «ArcelorMittal Tubular Products Aktau» АҚ-на қатысты тексеріс жүргізудің ерекше тәртібі бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайын тексеруді бастады. Тексеріс Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі және бекітілген тексеру парақтарының талаптары аясында жүргізілуде. Атап айтқанда «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде қауіпті өндірістік объектілерге қатысты өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттік қадағалау аясындағы тексеру парағы», «Қысыммен жұмыс жасайтын жабдықтарды пайдалану кезінде қауіпті өндірістік объектілерге қатысты өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттік қадағалау аясындағы тексеру парағы» және т.б. Тексеріс 2018 жылдың 10-қазанына дейін жүргізіледі.
