
Бүгін Астанада Сербия Республикасының Президенті Александар Вучич пен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Қазақстан-Сербия бизнес-форумы өтті.
Бизнес-форумға агроөнеркәсіп кешені, химия, туризм, медицина, көлік, телекоммуникация сияқты салалар бойынша Сербия тарапынан 100-ге жуық ресми тұлғалар мен бизнес өкілдер, ал Қазақстан тарапынан шамамен 80 адам қатысты.
Серб компаниялары арасынан Algotech (телекоммуникация), ChemicalAgrosava (химия), Akomed (медициналық жабдықтар өндірісі), Аданко (тоқыма), Meat ING Belgrade (ауыл шаруашылығы), Ветеринарлық медицина институты, Белград әуежайы сияқты ірі компанияларды атауға болады.
Бизнес-форумда бірқатар құжаттарға қол қойылды.
2017 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Сербия арасында сыртқы сауда айналым 60%-ға өсіп, 42 млн. АҚШ долларын құрады. Бүгінгі таңда сербиялық капиталдың қатысуымен Қазақстанда шамамен 40 компания жұмыс істейді.