«КазАзот» АҚ-ы нысандарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайы

«КазАзот» АҚ-ы нысандарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайы

2018 жылдың II жартыжылдық кестесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитеті Маңғыстау облысы бойынша департаментімен (әрі қарай – Департамент) «КазАзот» АҚ нысандарына ерекше тәртіппен жоспарлы тексеру жүргізілді.

Департаментімен тексеру кезінде Аммиак өңдіріс цехы, әлсіз азот қышқылының өңдіріс цехы, химиялық зертхана, жүк көтергіш құрылғылары және қысымбен жасайтын ыдыстар тексерілді.

Тексеру нәтижесы бойынша 33 кемшілік анықталып, жіберілген кемшіліктер үшін заңды тұлға мен жеке тұлғаға айппұл салынып, кемшіліктерді орындау туралы нұсқама берілді.

Тексеру соңында кәсіпорынның жауапты қызметкерлерімен бірлесіп техникалық кеңес өткізіліп, онда анықталған кемшіліктерді орындау жолдары мен алдағы уақытта қайталап болдырмауы талқыланды.