
2018 жылғы 24-25 қазан күндері Қызылорда қаласында «Мұнай-газ саласындағы қауіпті өндірістік нысандардағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру мәселелерін талқылау» және «Мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі тәжірибе алмасу» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңеске Комитеттің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстары департамент басшыларының және ҚР жерқойнауын пайдаланушы ірі компаниялардың өкілдері қатысты.
Семинар барысында қатысушылар мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру жөнінде тәжірибе алмасып, департамент басшылары өз өңірлеріндегі өндірістік бақылаудың жайы туралы айтты.
Сондай-ақ, 25-қазан күні «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» РМК Қызылорда филиалы базасында ұңғымадағы аварияны жою оқу-жаттығуы өткізілді.
Содан кейін аварияны жоюға арналған жабдықтардың көрсетілімі болды. Атап айтқанда, АҚШ жасаған Hi-Force компаниясының гидравликалық гайкокескіші, CLEIMASH компаниясының NB-12 портативті құбыркескіші, Ресей жасаған «ГРОМ» АҚ-ның құбырды гидрваликалық тесу жабдықтары көрсетілді.
