Қазақстанда бірінші халықаралық Энергия үнемдеу форумы өтеді

Қазақстанда бірінші халықаралық Энергия үнемдеу форумы өтеді

2018 жылғы 9 қарашада Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі БҰҰ Даму Бағдарламасымен бірлесіп, Астана қаласында (Hilton Astana) Энергия үнемдеу жөніндегі алғашқы халықаралық форумды өткізеді. Форум Қазақстандағы Энергия үнемдеу күнінің он жылдығын мерекелеуге орайластырылған. Форумның мақсаты – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша диалог және көрсету алаңын құру.

Форумға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнес құрылымдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ шетелдік сарапшылар қатысады.

Форум аясында энергия үнемдеудің өзекті мәселелері, соның ішінде өнеркәсіптегі, қалалық орта мен ТҮКШ-дағы энергия тиімділігі, стандарттау мәселелері талқыланатын болады. Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы тұжырымдамасының таныстырылымы өтеді.

Фото ашық ақпарат көзінен