
2018 жылдың 1-ші қарашасында ҚР ИДМ Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті мұнайгаз өнеркәсібі саласындағы жерқойнауын пайдаланушыларға қызмет көрсететін «КӘАҚҚ» ШЖҚ РМК Атырау филиалының аяқ астынан оқу-жаттығу жүргізу арқылы кәсіби дайындықтарын, болжамды аварияларды жою мақсатында аварияға қарсы жаттығуларды қалай орындайтындарына тексеру жүргізілді.
Жедел тобынының авария орнына шығу дайындығын және аяқ астынан оқу-жаттығу жүргізу, сонымен қатар жабдықталуын тексеру қорытындылары бойынша Департамент тарапынан жедел әрекет ету дағдысын және мұнай-газ өндіру саласындағы объектілерде авария кезінде өзара әрекет ету тәртібін әрі қарай жақсарту мақсатында ұсыныстар мен ұсынмдар берілді.
