
Соңғы 2 қарашадағы дерек бойынша, еліміздің көмір өндіретін компаниялары жыл басынан бері түрлі маркалы 92,23 млн. тонна көмір өндірген. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,8 %-ға (5,02 млн.тонн) артық.
Көмір өндіруші кәсіпорындардың қоймаларындағы қорды есептегенде жыл басынан бері 87,64 млн.тонна көмір тиеліп жөнелтілген. 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,78 млн. (85,86 млн.тонн) тоннаға артық.
Анықтама: 2017 жылы көмір өндіруші компаниялар 106,7 млн. тонна көмір өндірді. Бұл 2016 жылмен (98,5 млн. тонн) салыстырғанда 8,3% немесе 8,2 млн. тоннаға артық.
Биыл жылу беру маусымына дайындық басталғалы бері ( 1 мамырдан 1 қарашаға дейін) теміржол көлігімен 35,7 млн. тонна көмір тасымалданды. Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 млн. тоннаға (на 4,7 %) артық.