
2018 жылғы 9 қарашада Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі БҰҰ Даму Бағдарламасымен бірлесіп, Астана қаласында (Hilton Astana) Энергия үнемдеу жөніндегі алғашқы халықаралық форумды өткізді. Форум Қазақстандағы Энергия үнемдеу күнінің он жылдығын мерекелеуге орайластырылған.
Форумға ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр, БҰҰ-ң Тұрақты үйлестірушісі Тұрақты өкілі Норимас Шимомура, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың, бизнес-құрылымдардың өкілдері мен шетелдік сарапшылар қатысты.
Форум аясында энергия үнемдеу саласының өзекті мәселелері талқыланады.
Роман Скляр атап өткендей, Қазақстан экономикасының дамуына байланысты энергия ресурсына деген қажеттілік арта бастады. Сонымен бірге, тәуелсіздік кезеңінде Қазақстанның шартты ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығы 52 пайызға азайып, сол кезеңде әлемдік экономиканың да энергия сыйымдылығы 21 пайызға қысқарған.
«Соңғы он жылда Қазақстанда энергия үнемдеудің негізгі шарттары жасалды: бұл салалық заң, аймақтық энергия үнемдеу жоспарлары, мемлекеттік энергетикалық тіркелім және Энергияны үнемдеуді дамыту институты. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы, UNIDO , DENA, Дүниежүзілік банк және басқа халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнатылды », - деді Роман Скляр.
ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Тимур Нұрашевтың айтуынша, Ұлттық жоспар аясында энергияны үнемдеуді ынталандыру мақсатында энергия қызметтері нарығын дамыту жұмыстары жүргізілуде. Энергия үнемдеу саласындағы қызметтерді жеке меншік энергетикалық компаниялардың дамуын ынталандыруға, өздерінің шығындарын өтеп, нақты энергияны үнемдеуден пайда табуларына баса назар аударылды.
«Бұл үшін энергияны үнемдеу картасы, энергияны үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы жобалардың бірыңғай республикалық тізбесі жасалды. Енді ЭСКО механизмі арқылы іске асыруға дайын. Бүгінгі таңда Картаның 15 млрд.теңге болатын 68 жобасы жүзеге асырылуда, оның 12-і ЭСКО және МЖӘ тетіктері арқылы жасалуда. Карта бойынша 86,6 млрд. теңге болатын 129 жоба әзірленуде. Қазір инвесторлар іздестіріліп жатыр», - деді Тимур Нұрашев
Форума аясында Қазақстанның энергия үнемдеу Символы таңдалды. Еске сала кетйік, Министрлік пен Еуразиялық топ Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен, Энергияны сақтау ұлттық институтымен және Қазақстан Энергетикалық аудиторлар қауымдастығымен бірге энергия үнемдеу символы үшін конкурс өткізді. Оған сыйақы қоры 1,3 млн. теңге. Сондай-ақ, «Энергия үнемдеу балалар көзімен» атты конкурс бойынша жеңімпаздар марапатталды.
Сонымен бірге, Армения Республикасының өкілдеріне энергияны тиімді пайдалану технологиялары тарапына әлеуметтік белсенділік механизмін іске қосатын және өңірден өңірге берілетін құм сағаты сияқты "Бірге жарығырақ" фестивалінің символын беру салтанатты рәсімі өтті.





