«Дағды артық етпейді» «Әрқашан дайын!»

«Дағды артық етпейді» «Әрқашан дайын!»

2018 жылдың 13 қарашасында «Оркен» ЖШС Лискаковск филиалының бунақ жинау өндірістік базасында дабыл қағылды. Оқу дабылы болғанымен қызметкерлерден жылдам және сауатты іс-әрекет талап етілді. Оқу ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторының және «Республикалық өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік орталығы» ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы және апаттық-құтқару қызметінің бастығының қатысуымен өтті.

Оқу дабылының мақсаты – «Оркен» ЖШС ЛФ қызметкерлерімен «Апатты жою жоспарының» №2 құрастырылған позициясына сәйкес апаттық жағдайларда жедел міндеттерді орындау дағдысымен жұмыс істеу, өртке қарсы және апаттық-құтқару қызметінің қызметкерлерімен өзара әрекеттесу.

Сонымен, бунақ жинау базасы, сағат 14.00 де механикалық қызмет бастығы – оқу дабылының басшысынан бунақ жинау ғимаратының жанып жатқаны туралы тапсырма алады.

14 сағат 01 минутта механикалық қызмет бастығы телефон арқылы диспетчерге бунақ жинау базасының жанып жатқаны туралы хабарлайды.

Диспетчер сол уақытта барлық қатысушыларды ақпараттандырды: бөлімше бастықтарын, өндірістік бөлімді, ОТ және ТБ қызметін, медициналық қызметкерлерді,  энергодиспетчерді және апатты жою бойынша жоспарды ашты.

Слесарлар бригадирі дауыспен кен персоналға, соның ішінде мердігерлік ұйымдарға өрт тұтанғаны туралы және ғимараттан ұйымдасып шығу қажеттілігі туралы, ғимараттың оңтүстік бөлігі жиналатын орын екендігін  хабарлады.

Энергодиспетчердің шақыртуы бойынша келген кезекші электр слесары электр энергиясын сөндірді, ол туралы кен бастығы – оқу дабылының басшысына баяндады.

Бригадир бунақ жинау бөлімшесін тексеріп, жиналатын орынға қызметшілердің (мердігерлерді қоса алғанда) келуін бақылады. 14 сағат 06 минутта механикалық қызметтің бастығы жану ошағы орналасқан бунақ жинау ғимаратына келген өрт сөндіру машинасын қарсы алды.

«ӨҚӨҚ РО» ЖШС қызметкерлері өрт сөндіруге кірісті.

14 сағат 11 минутта өрт сөндіріліп, апат жойылды.

«ӨҚӨҚ РО» ЖШС бөлімшесінің командирі кен бастығы – оқу дабылының басшысына тұтану ошағының жойылғаны, шамалы зақымданулар, жарақат алушылар мен құрбандар жоқтығы туралы баяндады.

Кен бастығы дабылдың аяқталғанын жариялады. Оқу аяқталған соң қызметкерлердің іс-әрекетіне талдау жүргізілді.

Оқу дабылы үйлесімді ұйымдастырылып өткізілді. «Оркен» ЖШС ЛФ қызметкерлері, сондай-ақ «ӨҚӨҚ РО» ЖШС  өртке қарсы және апаттық-құтқару қызметінің өкілдері ИТР қойылған міндеттерді ойдағыдай орындады.