
2018 жылы 2-3 қазанда Астана қаласында «Бейкоммерциялық серіктестік «реттеу тәжірибесін жақындастыру бойынша ТМД елдері-қатысушыларының үйлестіруші ақпараттық орталығы» қауымдастығы химиялық өнімді реттеудің дүниежүзілік тенденциясын және өзекті мәселелеріне арналған халықаралық конференция өткізді.
Бұл іс шараны жыл сайын мемлекеттік құрылымдармен, химиялық және мұнайхимиялық, сондай-ақ ғылыми орталықтарымен мәселені талқылап және тәжірибе алмасу онын шешімін табу бойынша өз алаңдарында өткізіліп отырады.
Ағымдағы жылдың өткізілген конференция (ТР ЕАЭК 041/2017) «Химиялық заттардың қауіпсіздігі туралы» Евразиялық экономикалық кеңестің техникалық регламентінің күшіне енуіне дайындық негізгі тақырыбында аталып өтті.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы баяандама жасай отырып, (ТР ЕАЭК 041/2017) күшіне енуіне дайындалу бойынша Кеңестің мемлекеттік-мүшелерінің ағымдағы қызметтеріне арналды, пікір алмасу барысында сессия қызығырақ және ауқымды жүрді.
Аталған іс-шараға шамамен 70 тыңдаушылар қатысты, оның ішінде Тенгизшевройл, «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ, «ОХК «УРАЛХИМ» АҚ, «ЕвроХим-Каратау» ЖШС, «ҚазАзот» АҚ, «Атамекен» ҚР КҰП өкілдері қатысты.