Жезқазған мыс балқыту зауытының кен-термиялық пеші іске қосылды

Жезқазған мыс балқыту зауытының кен-термиялық пеші іске қосылды

Жезқазған мыс балқыту зауытының кен-термиялық пешін іске қосу рәсімі өтті. Екінші рудотермиялық пешті іске қосу рәсіміне Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов пен «Қазақмыс Холдинг» ЖШС басқарма төрағасы Э. Огай, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қанат Баитов қатысты.

Жезқазған мыс балқыту зауыты шикізатты пайдаланудың жоғары кешенділігі бар заманауи кәсіпорын және оған мыс балқыту, медеэлектролитті және күкірт қышқылы өндірісі кіреді. 2009 жылдан бастап кәсіпорында толық жүктеме үшін шикізаттың жетіспеуіне байланысты тек бір ғана пеш жұмыс істеді. Енді ұзақ үзілістен кейін зауыт толық жұмыс режимде жұмыс істейтін болды. Зауыттың жобалық қуаты жылына 220.000 тонна катод мысына дейін жеткізілді. Жезқазған мыс балқыту зауытында екінші пешті іске қосу 600-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Екі пеш қатар жұмыс істеген кезде персоналдың жалпы саны 2000-нан астам адамдға жететін болады.

Сондай-ақ, Жезқазғанда заманауи «ULY DALA»гипермаркеті ашылды. Ол басқа өңірлердің дүкендерімен салыстырғанда бағасы әлдеқайда арзандығымен ерекшеленеді. Гипермаркеттегі негізгі тұтыну себеті бағасының төмендігі орта есеппен 28,7% құрайды.  Ол өндірушілермен және жеткізушілермен тікелей жұмыс істеу нәтижесінде іске асып отыр. «Кazakhmys Holding» құрылысқа 2 млрд. теңге инвестиция құйды. Жобаның бас мердігері және операторы «ПИК «Ютария ltd» ЖШС.

Гипермаркет күніне 3000 сатып алушыға дейін қызмет көрсете алады. Гипермаркеттің ашылуының арқасында 180 жаңа жұмыс орны ашылды.