
2019 жылғы 18 қаңтарда ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің алаңында Қазақстан зергерлерінің II форумы өтті. Іс-шараға қатысушылар саланың жай-күйін бағалап, зергерлік өнеркәсіптің даму перспективаларын атап өтті.
Қазақстан зергерлерінің II форумы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мусин Қанат, Кесебаева Балайым, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Баитов Қанат және мүдделі мемлекеттік органдар (ҚМ, ІІМ, СІМ, ИИДМ), «Атамекен» ҰКП, байқау палатасы, «Тау-кен Алтын» ЖШС және Қазақстан зергерлерінің қатысуымен өтті.
Форумды аша отырып, ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Шаққалиев шикізаттың мол қоры бар Қазақстан үшін саланың әлеуетін дамыту мақсатында тәжірибелік қадамдарды талқылау маңызды екенін атап өтті. «Еуразиялық экономикалық одақ аясында интеграциялық бірлестік жағдайында ортақ бренд құру мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл дегеніміз, ұлттықтан жоғары реттеу шеңберінде өнімнің тек бес елдің нарығында еркін айналуына ғана емес, сондай-ақ үшінші елдерге экспортқа сеніммен шығуға мүмкіндік беретін қолдау шараларына көзқарастар үйлестірілетін болады. Практикалық сипаттағы форумның міндеті - қолданыстағы құқықтық өзара іс-қимыл шеңберінде кеден органдары, Ішкі істер органдары, ҚР ИИДМ техникалық реттеу және метрология Комитеті арасында есеп пен ақпарат алмасуды жолға қою», - деп атап өтті Арман Шаққалиев.
«Қазақстан зергерлер лигасы» ЗТБ төрағасы Қайсар Жұмағалиевтің айтуынша, қазақстандық зергерлік нарықтың негізгі мәселесі көлеңкелі негізі болып табылады. Онда алтыннан жасалған зергерлік бұйымдардың шамамен 10 мың өндірушілері жұмылдырылды, оның ішінде ресми тіркелген 2 мың . Алтын зергерлік бұйымның сапасына сенімді болу үшін сынама палатасына жүгінуге болады, ал сатып алу кезінде сынаманың болуына назар аударуға болады.
ҚР ИИДМ ИДӨҚК Төраға орынбасары Қанат Баитовтың айтуынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне қауіпті өндірістік объектілердің аумағына заңсыз кіргені үшін он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе он бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамау түрінде жауапкершілікті белгілейтін норма енгізілген.
Сонымен қатар, зергерлік саланы дамыту бойынша жол картасы әзірленуде, оның шеңберінде Қазақстан Республикасында зергерлік саланы дамыту мәселелері қаралатын болады.
2018 жылы аффинирленген алтын өндіру көлемі 53,1 тоннаны құрады,бұл өткен жылғы көлемнен 20,4% - ға артық. Ұлттық Банк басым құқық шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген аффинирленген алтынды сатып алуды жалғастырады. 2018 жылы 50,8 тонна құймадағы аффинирленген алтын сатып алынғанын атап кеткен жөн.