Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облыстық департаменті 2018 жылғы қызметін қорытындылады

Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облыстық департаменті 2018 жылғы қызметін қорытындылады

Өңірлік коммуникациялар қызметінің  алаңында ағымдағы жылғы 28 қаңтарда ҚР ИИДМ Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Талғат Байзақов «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау жұмыстары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған іс-шаралар туралы» тақырыбында облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері өткізген брифингке қатысты

Осылайша, 2018 жылдың қортындысы бойынша Департаменттің инспекторлық құрамымен 64 ерекше тәртіп бойынша, 35 жоспардан тыс және 32 профилактикалық бақылау мен қадағалау түріндегі тексерулер жүргізілді. Аталған тексерулер барысында 706 қауіпті өндірістік объектінің жұмысы тексеріліп, оның барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидалары мен нормаларының 658 бұзушылығы анықталды, 37 заңды тұлға мен 12 жеке тұлғаға жалпы сомасы 2 млн. 609 мың 425 теңге сомасында айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Бүгінде жалпы соммасы 2 млн. 609 мың 425 теңгеге барлық 49 айыппұл төленді.

Мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат алуға 56 өтінім және қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған  жобалау құжаттарын келісуге арналған 134 өтініш қаралды.

Тұрақты негізінде сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға жол бермеу және алдын алу мақсатында жұмыстар атқарылып отыр. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің және «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінің  өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізілді, Департаменттегі мәжілістерде   сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы түсіндіру жүргізіліп отырады.