ҚР ИИДМ басшысы Германияның Қазақстандағы Елшісімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ҚР ИИДМ басшысы Германияның Қазақстандағы Елшісімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Моника Иверсенмен кездесті.

Тараптар өнеркәсіп, машина жасау, көлік және логистика, азаматтық авиация салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ технологиялық және өнеркәсіптік салалардағы үкіметаралық келісімді іске асыру мәселелерін талқыға салды. Қазіргі уақытта осы Келісім шеңберінде елімізле германиялық әріптестермен бірлесіп бірнеше жоба іске асырылуда.

Анықтама:
Германия - Қазақстанның ірі экономикалық серіктестерінің бірі. Инвестициялар көлемі жағынан көшбасшылар қатарына кіреді.

Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымы 2021 жылғы қаңтар-тамызда 17,7% артып, 1,5 млрд. АҚШ долларын құрады (2020 жылдың сәйкес кезеңінде - 1,2 млрд. АҚШ:доллары).

2021 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстаннан Германияға экспорт көлемі 52,2% өсіп, 236,1 млн. АҚШ. долларын құрады.

2005 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде Қазақстанға 5,2 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салды. Өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі арттыру үшін үлкен әлеует бар.

Бүгінгі таңда елімізде неміс капиталының қатысуымен 950-ден астам заңды тұлға жұмыс істейді.

730,5 млн. АҚШ долларына металлургия және құрылыс материалдарын өндіру саласында 16 жоба іске асырылды. Фармацевтика, ауыл шаруашылығы техникасы, энергия тиімділігі және металлургия саласындағы жобаларды іске асыру жалғасуда.